Заң жалпыға ортақ
Қазақстан Республикасының 10 шілде 2002 жылғы №339 « Ветеринария туралы» заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндеттері .
Жануарлар мен адамға ортақ ауруларды алдын алу үшін, жеке және заңды тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыру қажет.
Бүгінгі таңда елімізді алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – еліміздің экологиясының нашарлап кетуі, қоршаған ортаның ластануы болып отыр. Сол себепті аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстап, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу керек. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiре отырып, зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтау керек. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларыңызды уақытылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етіп отырыңыздар.
Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу үшін Жеке және заңды тұлғалар.
Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені; жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар мен мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларға хабарлап отыруға міндетті.
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және Қадағалау Комитетінің Жаңақорған аудандық инспекциясы