№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрбан айт-2022: Эпидемиологиялық бақылау комитеті санитарлық талапты сақтауға шақырды

Құрбан айт-2022: Эпидемиологиялық бақылау комитеті санитарлық талапты сақтауға шақырды


2022 жылы Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында өтеді. Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ тұрғындар арасында СOVID-19 және жіті ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті келесі сақтық шараларын ұсынады:
  • мал союды ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жүргізу;
  • Qurban2022.kz сайтына өтінім бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру мүмкіндігін пайдалану;
  • жабық үй-жайларда, адамдар көп шоғырланатын орындарда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қашықтықты сақтау және бетперде кию,
  • қолды жиі антисептикпен өңдеуге КЕҢЕС беремін;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінде (тойхана, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, мешіттер және т. б.) және салттық іс-шараларды өткізу
  • бойынша қызмет көрсететін объектілерде әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде үйде дайындалған тағамдарды пайдаланбау;
  • тез бұзылатын өнімдерді салқын орынжайларда сақтау. Азық-түлік өнімдерін, әсіресе сүт, салаттар сатып алғанда, жарамдылық мерзіміне, шығарылған күніне назар аударыңыз, дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;
  • кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
  • жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау, бірақ егер дайын тағам келесі күнге қалса, онда оны қолданар
  • алдында термиялық өңдеуден өткізу (қайнату немесе қуыру).
  • тұрғын үйді үнемі таза ұстау және жеке гигиена ережелерін сақтау, кішкентай балаларға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеу, тамақ дайындау үшін тек жаңа (балғын) өнімдерді пайдалану.
08 шілде 2022 ж. 413 0