№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіп – сыбайлас жемқорлықтың жолын кесейік

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіп – сыбайлас жемқорлықтың жолын кесейік


Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­. Мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып,мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағытында жұмыстар жасалуда.

           Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызметте қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты құжаттар тізбесін қысқарту  электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру  басты назарда болуы қажет. Мұндай саясат еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жем­қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету әкімшілік кедергілерді азайту,мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. Осыған байланысты ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясында ҚР АШМ-нің06.06.2015 жылғы №7-1/418 бұйрығыменқарастырылған «Экспорттау кезінде орыны ауыстырылатын(тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат»және  «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды» беру мемлекеттік   қызметтері көрсетіледі. Аудандық аумақтық инспекциясында мемлекеттік  ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті нормативті актілер қабылданған.Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органда – қызмет беру стандарттар мен регламенттер,  анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қорытынды қанша күнде беріледі, оған қандай құжаттар қажет?
-- Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қорытынды көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде беріледі, көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттардың тізбесі:
            1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;                          
            2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
            3) меншік құқығында тиісті үй-жайлардың бар екенін немесе жалдау шарты құқығында тиісті үй-жайлардың бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісіне ақы төленгенін растайтын құжат;
          Жалпы  ережелердіңорындалуын  қамтамасыз  етумемлекеттік  қызмет  көрсетубарысында  сыбайлас  жемқорлыққажол  бермеу, алдын  алужәне  жолын  кесудіңбірден-бір тәсілі екеніне сенемін.                 ҚР   АШМ ВБжҚК-нің  Жаңақорған
 аудандықаумақтық инспекциясының
 басшысы И.Ахметов 
10 қараша 2021 ж. 368 0