№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қараусыз қалса малыңыз, айыппұл төлеп алыңыз

Қараусыз қалса малыңыз, айыппұл төлеп алыңыз


Ата-бабаларымыз малдың жайын жақсы біліп, оқу білімсіз-ақ күтімі мен бабын, одан қалса ем-домын жасай білген. Ал қазір ше? Ата кәсіпті жалғастырып, малмен күнелтіп отырған қарапайым жандардың мал басын көбейту үшін көптеген мемлекеттік бағдарламаларға қарастырылуда. Сонда да малдың бағымына келгенде салғырттық, жауапкершіліктің жоқтығы байқалады. Енді жоғалған малыңызды арнайы белгіленген тұрақтан табатын боласыз. Әрине, ол емін-еркін көше кезіп жүрген жерінен барымташыларға қолды болмаса.


«Тазалық – иманның жартысы» демекші, әр адамға қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау ізгілікті іс болып табылады. Осыны назарға алған кент әкімдігі қызметкерлері апта сайын тазалықты сақтау мәселесіне өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Көшелердің бойындағы қоқыстар жиналып, отырғызылған ағаштар суарылып, айналасы арам шөптен тазартылуда. Әрине, тазалық бар жерде көркемдік қатар жүрері сөзсіз. Негізі тазалық пен тәртіп – егіз ұғым.
Бұлай деуге кент орталығында, орталық алаңдар мен кең көшелерде бағусыз жүрген мал себеп. Кенттің әсем, жасыл желекті жерлері көргенге көз сүйсіндіріп, көңіл толтыратындай жағдайға жеткен сәтте қараусыз сиырлардың мәселесі кезек күтіп тұрғанын көрген кент әкімі Асқар Ибрагимов шешілу жолын қарастыруды қолға алды.
Жап-жасыл желектің үстінде жай­ылып жүрген зеңгі бабаның баласын көргенде, «Иелері бұларды іздемей ме? Амандығына бас ауыртпайды ма? Неге еге болмайды екен?» деген сан сауалдар санаңызда кезек күттірмей сайрай бастайды. Малдың бетімен жайылуы кент аумағындағы абаттандырылған орындарға, инфрақұрылымдық нысан­дарға нұқсан келтіретіндігі бесенеден белгілі. Ал бұл жануарлар болса көше кезген иттердің қатарына қосылып, қоқыс-қалдық тастайтын жә­шіктерді қопарып жүр. Ал артынан қоғамдық негізде жұмысқа тартылған жұмысшылар «экологиялық таза өнімін», яғни тезегін жинап, біреу келіп жығылып, бір жері майып болмаса екеннің қамын жасап жүргенін көз көрді. Осындайда кент тұрғындары малдарына егелік етіп, бас-көз болса екен деген ойға келесің.
Хош. Енді кент әкімдігі қолға алған шаруаға көшейік. Бұл жөнінде кент әкімінің орынбасары Серік Сейдуалиев және заңгер Әзімхан Нысанбаевпен сөйлескен едік. Серік Әбжаппарұлы­ның айтуынша, енді арнайы рейдтер ұйымдастырылып, қараусыз жүрген малдарды қамау басталады екен. Осы жөнінде Орынбай Ахметов көшесінде орналасқан «мал базарының» иесі Жаңабек Тұрғанбаевпен екі жақты меморандумға отырып, келіссөз жүр­гізілген.
– Енді көше кезген ірілі-ұсақты малдар осы тұрақта қамалады. Оны иесі қашан келіп алып кеткенінше жем-шөбі уақытылы берілетін болады. Алайда малдың иелері тұрақтан сиырын алып кетер кезде жем-шөпке кеткен шығынды төлеуі міндетті. Олай болмаған жағдайда кеткен шығынды өндіру үшін іс сотқа өтеді. Ал мұндай жағдай болмас үшін тұрғындар сауын сиырларын қорасында ұстауы тиіс немесе падаға жіберу керек. Олай болмаған жағдайда, мал иелері табылып, әкімшілік кодекстің баптарына сәйкес жауапқа тартылатын болады. Яғни, белгілі бір мөлшерде бірінші әкімшілік айыппұл 3 АЕК көлемінде салынады. Ал екінші ұсталған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейсіз. Жалтарған жағдайда малдары қамалып, іс сотқа өтеді. Оны да 30 күн ішінде төлемесеңіз сот орындаушыға өтеді, – деді орынбасар.

Осындай шара қолдануға ауыл тұрғындарының бағып отырған малдарына дұрыс қарамай, емін-еркін жібере салғандары себеп болуда. Өйткені қараусыз жүрген мал барымташылардың қолына да оңай түседі. Темір жол бойында қараусыз жүрген малдың кесірінен былтыр қаншама жол-көлік оқиғасы орын алды. Қазір де жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері аудан аумағында автожолдарда, жазғы жайылымдарда қызмет етуде.

Сол үшін кент ішінде малдарын жіберіп, жайбарақат отыратын олардың иелерінің назарына бұл үлкен ескерту. Күннен-күнге енді ажарланып, көшелері кеңейіп, кентіміздің инфрақұрылымы қарыштап келе жатқан сәтте тұрғындар бей-жай қалмай, тазалық пен тәртіпке жете мән беріп, сананы өзгертіп, туған жеріміздің тазалығы мен мәдениетін көтеруге өз үлестерін қосса екен дейміз. Қораларындағы ірілі-ұсақты малдарына иелік етіп, көшеге бейсауат босатып қоя бермесе екен, – дейді кент қызметкерлері.

Әли ТЕМІРБЕК
01 тамыз 2022 ж. 414 0