№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарқын жобалар жылы

Жарқын жобалар жылы


Жолдар жаңғыруда

Жаңақорған ауданы аумағында ав­томобиль жолдарының жалпы ұзын­дығы 451 шақырымды құрайды. Оның 101 шақырымы республикалық, 157,9 шақырымы облыстық және 192,1 шақырымы аудандық маңыздағы ав­томобиль жолдары санатында. Аудан­ның 526 көшесінің ұзындығы 593,8 шақырым.
– Биыл 4 аудандық маңыздағы жол жөнделеді, «Тау самалы» лагеріне кіре берістегі 6 шақырым жол, «Самара-Шымкент-Қыраш» (4 шақырым), «Са­мара-Шымкент-Талап» (5 шақырым), «Самара-Шымкент-Аққұм» (10,37 шақы­рым) жолына орташа жөндеу жұмыс­тары жүргізіледі. Өтпелі кезеңмен республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мердігерлер анықталды. Бүгінгі таңда, Талап бекеті жол құрылысы басталды. Қалған жолдар үстіміздегі жылдың шілде айында аяқталады, – деді бөлім басшысы.

Негізінен аудандағы барлық елді мекенге баратын жолдардың барлығы асфальттанған. Тек кейбірі сын көтермей, көлік жүруге көп кедергі келтіруде. Осыны ескерген аудан әкімі бастаған жауапты сала мамандары биыл автомобиль жолдарын ретке келтіруге кірісті. Тау беткейдегі ауылдар арасынан Қыраш, Құттықожа мен Талап елді мекені тұрғындарының басты талап-тілегі болған жол мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тапты.

– Ауылдың негізгі тіршілігі мал шаруашылығы, сонымен қатар шағын кәсіптер бар. Біз көптен күткен жол мәселесі шешімін тауып жатқанына қуаныштымыз. Аудан басшысы, жауапты сала мамандары мен ауыл әкіміне алғысымыз зор. Енді осы жолдың сапалы жөнделуіне бақылау жасауымыз керек. Өйткені мұндай ауқымды жұмыс жыл сайын жасалына бермейді, – дейді Талап ауылының ақсақалы Жалғасбай Нарынбетов.

Былтыр «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолының құрылысына облыстық бюджеттен 10 млн теңге бөлініп, тегістеу жұмыстары жүргізілсе, жақын арада асфальт төселеді. Тағы бір жаңалық, 2021 жылдан өтпелі кезеңмен іске асырылған аудандық маңызы бар «Самара – Шымкент –Екпінді» автомобиль жолының бойындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде екен. Иә, бұл да екпінділіктердің көптен күткен тілегі еді. Оны алдағы уақытта кеңінен жазамыз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
16 сәуір 2022 ж. 354 0