Депутаттар жол мәселесін назарға алды
Жақында аудан әкімдігінде Қызылорда облысының мәслихат депутаттарының қатысуымен жиын өтті. Алқалы басқосуда Жаңақорған ауданы бойынша жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары, екіншісі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау жөнінде кеңінен талқыланды.
Кездесудің арқауы – Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясында қаралатын мәселелерді жергілікті деңгейде жан-жақты талқылап, ұсыныс-пікірлерді зерделеу. Оған облыстық мәслихат депутаттары Райкүл Байназарова, Темірхан Әлімқұлов, Мәдіхан Бекжанов, Жанкелді Ысқақ, Нұриддин Әмитов және «Қазавтожол ҰҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов қатысты.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов модераторлық еткен жиында алғашқы сөзді аудан басшысының орынбасары Адай Салыбеков алып, жолдардың жай-жапсарына тоқталды.
– Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 451,4 шақырымды құрайды. Оның 101 шақырымы республикалық, 164,8-і облыстық, 185,6-сы аудандық маңыздағы жол санатына жатады. Осы үш бағыттағы жолдың бәрін қоса есептегенде индикаторлық көрсеткіш 77,9 процентті құрады. Аталған жолдар мен ауылішілік жолдарға соңғы 6 жылда 3,1 млрд. теңге қаржы қаралған болатын. Оның ішінде аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Аққұм» жолының 12 шақырымына қиыршық тас төселді. Енді асфальттау жұмысын жүргізу керек-ақ. Жалпы соңғы жылдары 22,6 шақырым жолға күрделі, 87,9 шақырым автомобиль жолдары мен ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді аудан басшысының орынбасары.
Оның сөзінше, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» іс-шарасында аудандық маңызы бар 5 автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғаны, осы жоспарға сәйкес, бағдарлама аясында облыстық бюджеттен 1 млрд 227,3 млн. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 25,5 шақырымы жөнделіп, пайдалануға берілгенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар «Самара-Шымкент-Шалқия» автомобиль жолына 2016-2019 жылға облыстық бюджеттен 974,8 млрд. теңге бөлініп, 11 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалауға берілгені, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Бірлік» жолының 3 шақырымын орташа жөндеу жұмысына 46 млн. 400 мың теңге жұмсалса, Кейден ауылына кіре беріс 7 шақырымына 121 млн. 300 мың, Келінтөбе айналма жолының 3,5 шақырымын жөндеуге 84 млн, Сунақата ауылындағы Сығанақ көшесінің 1,2 шақырым жолын жөндеуге 33 млн. 600 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қанық болдық. Монтаж жұмыстарын «УАД» ЖШС-гі жүргізгенін де айта кеткен жөн.
– 2018 жылы жер қабатын тегістеу, топырақ төсеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлінген еді. 2019 жылға жобаны жалғастыруға тағы 1 млрд. 296,3 млн. теңге бөлініп, 18 шақырым жол жөнделді. Бүгінгі күні осы қаржының 1 млрд 009 млн теңгесі толығымен игерілді. Қалған қаржы алдағы жылы шешіледі деп жоспарлануда, – деді Адай Салыбеков.
Сондай-ақ автомобиль жодары бойындағы көпірлер де күн тәртібінде кеңінен талқыланды. Олар, «Самара-Шымкент-Екпінді», «Самара-Шымкент-Қосүйеңкі», Ақжол ауылына кіре беріс жердегі көпірлер еді. Аудандық бюджеттен 2018 жылы аталған көпірлерге жоба-сметалық құжаттамасын дайындауға қаржы бөлініп оң нәтиже тапқаны сөз болды. Жалпы құны 257 млн 553 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалатын бұл көпірлерге бюджеттік өтінім дайындалуда. Ендігі мәселе, осы тиісті қаржыны бюджеттен қарастыруға ықпал жасасаңыздар, – деп тілек-өтінішін білдірді аудан әкімінің орынбасары.
Сөзінің соңында «Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» жолының 8,9 шақырмында орналасқан Жаңарық елді мекені тұсындағы апатты деп танылған көпірге жоба-сметалық құжат әзірленгенін, енді осы көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына 207,0 млн. теңге бөлінсе деген тілегін жеткізді.
«Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» жолының 65-76 шақырым аралығы, Сырдария өзені бойындағы көпірден Келінтөбе елді мекеніне бұрылатын қиылысқа дейінгі автомобиль жолының техникалық жағдайы өте нашар. Осы аралыққа жөндеу жұмыстары жүргізілсе. Сонымен қатар ауданда барлығы 574,15 шақырымды құрайтын 532 ауылішілік көше бар. Осы көшелердің 221,17 шақырымы яғни 38,5 пайызы асфальтталған болса, қалғандарында қиыршық тастар мен топырақ төселген. Осы мәселе бойынша, ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 180 млн. 047 мың теңге бөлініп 9,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Алайда қалған көшелерге облыстық бюджеттен 690,5 млн теңгеге өтінім жасалғанымен қолдау таппай келеді. Осы қажетті қаржының қарастырылуына ықпал жасалса, проблемалық мәселелер оң шешімін тауып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарар еді деген өтінішін де бүгіп қалмады.

Лаура АЙДАРХАН.