№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көшелер жаңғыра бастады

Көшелер жаңғыра бастады

Ауданның Сыр беткейінде 11 ауылдық округ бар, барлығы кент орталығына Ы.Алтынсарин және З.Мұсаханов көшесі арқылы қатынайды. Жыл соңына дейін Алтынсарин аумағындағы жолдар жаңаратын болады. Ал, Мұсаханов көшесіне орташа жөндеу жұмысы тәмамдалды. Көпшіліктің қуанышына орай жол сапалы, әрі мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл турасында көше тұрғындары мен жауапты сала мамандары, мердігер мекеме не дейді?

Ұзындығы 2,4 шақырым болатын аудан орталығындағы негізгі көшелердің бірі Мұсаханов көшесінің жөндеу жұмыстары жайында нақты мәліметті жауапты кент әкімдігінен білдік.
– Орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен – 50 млн 761 мың теңге қаржы бөлініп, «Мемлекеттік сатып алу» Заңының ашық конкурсы өткізілді. Нәтижесінде «Altimus LTD» ЖШС 40 млн 600,0 мың теңгеге жеңімпаз болып танылып, 13 сәуірде №37 келісімшарт жасалды. Асфальт төселіп тұрғындардың пайдаланылуына берілді, – деді кент әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов.
Шыны керек, бұл көшеге төселген асфальттің сапасы аудан орталығындағы басқа көшелерге қарағанда теп-тегіс. Оны күнделікті көріп жүрміз, бұл жұмысты техникалық қадағалаушы «Әсем-құрылыс-Қызылорда» ЖШС, авторлық қадағалаушы «М.Мамуов» ЖК. Елдің де тілеуі сапалы жол ғой, осындай етіп асфальт төселсе ұзаққа жарары анық. Енді жол жиегін тегістеп, ретке келтірсе болғаны.
– Рас, жол сапалы, енді тек қайта қазбаса дейміз. Газ, су кіргізу үшін жыл сайын қазылады. Шүкір, ауыз суымыз келді, газ үйге кіріп тұр. Сондықтан әкімдік тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға алғыс білдіреміз. Енді кенттегі қалған көшелер осылай уақыт күттірмей жөнделсе, – дейді кент тұрғыны Ақылбек ақсақал.
Айта кететіні, жыл басынан бері осы уақытқа дейін орташа жөндеуден өткен көшелер мен маңызды жолдар жүйеленіп келеді. Жақында ғана аудан басшысы Алтынсарин аумағына қатаң бақылау жасаған еді. Енді аудан бойынша 57 көше
жөнделетінін тағы да параққа түртіп алдық. Аудан әкімі Руслан Рүстемұлының бастамасымен 2021 жылы аудандық маңыздағы және елді мекендегі ауылішілік көшелерді салу, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жұмыстары бойынша 23 елді мекенде бір-бір көшеге орташа жөндеу, яғни асфальттау жұмыстары жүргізіледі. Аудандық маңызы бар «Самара - Шымкент - Жайылма» 3 шақырым, «Самара - Шымкент - Бесарық» 1 шақырым, облыстық маңызы бар «Самара - Шымкент - Түгіскен - Келінтөбе» 6 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кент бойынша Ж.Тағаев, З.Мұсаханов, Қ.Сағырбаев, Е.Белсенбаев, О.Қашқынов, Ы.Алтынсарин, А.Абуталипов, А.Сүлейменов, Т.Шалапов, А.Еламанов, Ипподром 26/2, Ипподром 24, С.Құрымбеков, Д.Романов, А.Исаев, С.Сапарбаев, Қоңқабаев, Өркендеу, Ы.Скендиров, М.Есболғанов, Жібек жолы көшелері жаңғырады. Бұл мәліметтер аудан әкімдігінің ақрпарат көзінен алынды. Төменарық ауылдық округі бойынша Д.Нұрпейісова, Алтыбаев, Пашаев, Елтай 2, Р.Құдайбергенов, М.Махатаев, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы көшелері жөнделеді. Бесарық ауылдық округінен С.Таңқиев, Б.Шалғынбаева, Ж.Қыдыров, Байкенжеден С.Алдабергенұлы, О.Палуан көшесі, М.Нәлібаевтан А.Иманов көшесі, Сүттіқұдықтан Ш.Торғаев көшесіне асфальт төсеу жұмысы басталады.
Сол секілді, Қожамберді, Манап пен Талап ауылдық округінен екі көшеден, Кейден, Шалқия, Аққорған, Жаңарық, Қаратөбе, Өзгент, Сунақата, Келінтөбе, Көктөбе, Қандөз және Қыркеңсе ауылында бір-бір көшеден жөнделеді. Қожакент ауылдық округінен 5 көше, барлығы 57 көшеге асфальт салынады. Ал ауылдық округтің ішінде Қыраш, Қосүйеңкі және Ақүйік ауылдық округтерінде газ жүйесі құрылысының басталуына байланысты ауылішілік жол құрылысы тоқтатылады делінген.
Жалпы алғанда, тұрғындардың көптен күткен тілегі орындалуда. Әсіресе, кент ішін-де көліктер көбірек жүретін көшелерге асфальт жұмысы жүргізілгеніне қуаныштымыз. Қалғаны уақыт күттірмей жүзеге асатынына сенімдіміз.
Әлібек Темірбек
22 маусым 2021 ж. 1 670 0