№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (8912) 23

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сыбайластыққа жол жоқ

Сыбайластыққа жол жоқ


Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2022 жылғы 2 наурыз - 15 сәуір аралығында «Байқоңыр Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 8-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық мүдделі тұлғаларды жұмыс тобының мүшесі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырады.
Облыс тұрғындарын «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын енгізуге шақырамыз.
Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін: электрондық пошта: apvo.kzo@mail.ru, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-06-30 (300), мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 156 «А»
Барлық бейжай қарамайтын азаматтарды ынтымақтастыққа және талдау жүргізуге қатысуға шақырамыз!
04 наурыз 2022 ж. 648 0