№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАҢҒЫ ШЫҚ ЕЛІНДЕГІ ЖЕТІ КҮН

ТАҢҒЫ ШЫҚ ЕЛІНДЕГІ ЖЕТІ КҮН


Алматы әуежайынан түн ауа көтерілген әуелайнері 6 сағат самғаудан соң Сеулдің Инчон әуежайына қонды. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ақпараттық білім саласында тәжірибе алмасу мақсатындағы игі шараға ауданнан жалғыз аттандым. Сонымен, Жумонг ханзаданың елінен не көрдік, не білдік?
Бірінші күн
Тарихи тамырын тереңнен алатын елдегі алғашқы күні ІСТ-ні қолдану тәсіліне мән беріп, ІТ-нің үздік материалдары мен өндіріс орындары және ақпараттық білім беру жүйесімен танысуға мүмкіндік алдық. Сонымен қатар елдің тарихы мен мәдениетін танып, білдік.

Екінші күн
Жоғарғы сапалы, заманауи электронды технология өнімдерін шығаратын «Самсунг Электроникс» компаниясында болып, Кореяның техногендік даму сатысы қаншалықты дәрежеде екенін аңғардық.

Үшінші күн
Кенги провинциясы білім беру Департаментінің бөлім басшысы Ким Тхе-Гам білім беру жүйесімен таныстыру барысында жоғары сынып оқушылары компьтер игілігін қолданып қана қоймай, оны құрастыру және жөндеу жұмыстарын жақсы меңгергенін көрдік.

Төртінші күн
Кореяның мәдениеті мен тарихымен танысуға мүмкіндік туды. «Аспан астындағы музейге» саяхат кезінде корей телесериалын көргендей әсер қалдырды. Бұл елде мәдени ескерткіштерге мемлекет тарапынан мән берілуі және тұрғындардың рухани-мәдени құндылықтарды көзінің қарашығындай қорғайтыны сүйсіндірді.

Бесінші күн
«Хевон» бастауыш мектебінің мұғалімдері На Енг-Дин мен Тянг Сонг-Хидің «Сандық оқулықтар» тақырыбында өткізілген сабақтарына қатысып, ол жақтағы білім беру жүйесінің негізімен таныстық. Сондай-ақ Кенгидің ақпараттық білім беру архивымен танысып, білім саласы бойынша барлық ақпараттты бір жерге жинақтау жұмысы әлем елдеріне үлгі болатынын түсіндік.

Алтыншы күн
Білім беруді орталықтандырылған «Найс» бағдарламасы арқылы басқару білім сапасын ата-ана, оқушы, мұғалім мен қатар басқару органдарының да бақылап отыруына мүмкіндік береді екен. Аталған бағдарлама ұстаз бен ата-ананың байланысын арттырып, оқушының білім сапасын арттыруда таптырмайтын тәсіл дерсіз. Яғни, ата-ана үйде отырып-ақ баласының алған бағасын бақылап, үлгерімін біле алады.

Дерек пен дәйек
54 млн. халқы бар Оңтүстік Кореяның 12 млн. тұрғыны Кенги провинциясында тұрады екен. Провинцияда 2334 мектеп, 2165 мектепке дейінгі тәрбие ошақтары орналасқан. Онда 108 000 мұғалім білім берсе, 2 млн. оқушы ілім жинайды. Ұстаздардың жалақысы (жас мамандардың) 3000 доллар көлемінде. Бұл жалақы көлемі еңбек өтіліне қарай өсіп отырады екен.

Білім. Білім. Тек білім
Осы қағиданы ұстанатын Корея жастары сапалы әрі саналы білім алуы үшін жан-жақты жағдай жасаған. Соның бір ғана айғағы – Үкімет мектеп жасындағы балалардың барлығына үйінде де, мектепте де компьютермен жұмыс жасауына мүмкіндік жасаған. Яғни, компьютермен қамтамасыз еткен.

Жетінші күн
Кенги аймағына қарайтын Сувон, Сеул секілді қалаларында да сапарымыз жалғасты. Елдің қай қаласында да қоғамдық қызмет көрсету мәдениеті өте жоғары. Корейлердің кішіпейілділігі мен тазалығына, ұқыптылығы мен ұлтжандылығына еріксіз таңдай қағасыз. Қоғамдық органдарда, көшеде шылым шегуге қатаң тиым салынған.
80 пайыз отандық өнімдерін тұтынатын Корей халқы өз елінен шығатын автокөліктерінің жаққан жанар майынан бөлінетін зиянды түтінді залалсыздандырылатын арнайы сүзгі орнатып, экологиялық тепе – теңдікті ұстап отыруы да басқа елдерге үлгі етердей. Сондай – ақ бұл елдегі құрылыс саласының барынша дамығанын байқау қиын емес. Мәселен, биік ғимараттарды айтпай-ақ, Сеул мен Сувон қалаларының арасын жалғап жатқан 16 шақырымдық (теңіз үстінен салынған) автокөлік көпірін айтуға болады.

ӘУЕЖАЙДА. Межелі уақытымыз аяқталған соң өркениеттің өріне ұмтылған Корей елінен көзбен көргенімізді көңілге түйіп, қимастықпен қоштасып, ұшаққа бет алдық. Ұшақ ішінде онда көрген жаңашыл дүниелерді отандық білім саласы дамыту бағытында пайдалану қажеттілігін түйдім...
Нұрлан ЕРМАХАНБЕТҰЛЫ,
Түгіскен-Алматы-Сеул-Түгіскен.
12 қаңтар 2018 ж. 1 392 0