Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 048

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 078

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 892

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 391

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 600

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 590

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

ҒАЛЫМ ТАҒЫЛЫМЫ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында адам капиталына басымдық беріп, бәсекеге қабілетті білімді, білікті жастар тәрбиелеуде ұстаздардың орнына айрықша тоқталды.
Расында, кез-келген адам ұстаздың алдын көріп, тәлім, тәрбие алады. Ғұмырлық ілім жинап, өмірге бейімделеді. Ендеше, елдің келешегі, жұрттың болашағы саналатын ұрпақтың білім үйреніп, тағылым алуында мұғалімнің миссиясы маңызды болып қала береді.
Қазақстан бәсекеге қабілетті озық елдер қатарына қосылу бағытында жұмыстарды жүйелей түсті. Әсіресе, білім беру саласына, ғылым мен инновацияға басымдық беріліп, арнайы реформалармен дамыта бастады. Яғни, санасы сергек, ойы ұшқыр білімпаздарды қалыптастыру қамына кірісті.
Осы ретте, ұстаздық жолымен, ғылыми тағылымымен дараланатын Айгүл Сатбекованы ерекше атауға болады. Ұлағатты ұстаз Амантай Сатбеков пен Злиха Ыбыраеваның шаңырағында өнеге алған оның ұстаздық жолды таңдауы түсінікті-ақ.
Ол Қаратөбе ауылындағы №229 «Абызтөбе» орта мектебін үздік бітірді. 1984 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, білімін шыңдайды. Еңбек жолын өзі білім алған институтта бастайды. Содан бастап ғылым жолына ден қойды. Ғалым ретінде 300-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Сондай-ақ 10-нан аса оқулық, 50-ден аса оқу-әдістемелік құрал, 70-тей монография мен кітаптар жазды. Ғылым жолында жалықпай ізденуге түскен Айгүл әдіскер, зерделі ғалым ретінде қалыптасты.
Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыратын оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары бір төбе. Мәселен, «Қазақ тілінен грамматикалық кестелер», «Қазіргі қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі және жобалау технологиясы», «Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі» және т.б. ерекше атауға болады. Оқу-әдістемелік құралдары ішінде «Сабақ-білім берудің негізгі жолы», «Практикалық қазақ тілі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы» сияқты еңбектері жоғары бағаланады.
Оның 2010 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атануы үлкен табыс еді. Ғалым қызымыз көптің қолы жете бермейтін, алыс-жақын шетелдердегі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар мен форумдарға қатысып, баяндамалар жасады. Осылайша, құнды ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтсақ, Түркия, Ресей, Чехия, Франция, Өзбекстан, Қырғызстандағы ғылыми шараларға белсенді қатысқан еді.
Айгүл Амантайқызы ғалымдық қырымен қатар, ұйымдастырушылық қабілетімен де танымал. Әсіресе, елге белгілі ғалымдардың, ақын-жазушылардың мерейтойларын, халықаралық және республикалық ғылыми конференция, семинар-тренинг, дөңгелек үстел, әдеби-сазды кештерді шебер ұйымдастырушы ретінде әріптестері арасында қадірлі.
Шығармашылыққа бейім жүрек үлкенді құрметтеу, кішіге ізет қағидасын насихаттап жүреді. Оны «Ғұмыр дастан немесе ата-анаға тағзым» атты кітабынан көруге болады. Әкесі Амантай ағамыз да үлкен құрметке лайық, жас мамандар тәрбиелеген, үлкен-үлкен мектеп ұжымдарын абыроймен басқарған, «ұстаздардың ұстазы» атанған, мәдениеті жоғары кісі еді. Анасы Злиха апай да бала оқыту ісінің жауапкершілігі мен талапшылдығын ізгі тәрбиесімен дәлелдеген ұлағатты ұстаз.
Жаңақорған киелі жер. Небір атақты ғалымдар, ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қанаттанған, топырағын басып, суын ішкен жер. Осы жерден тәлім алған, ауасын жұтқан, біздің Айгүліміз, мақтанышымыз болып, табыстарымен қуантып, еңбегімен елге ғана емес, әлемге танылып жүретініне біз кәміл сенеміз. Айгүл туралы қанша айтсақ та, жарасады. Бүгін біз қарапайым тілмен, жүрегімізді жарып шыққан пікірімізді шын ниетпен білдіріп отырмыз.

Ақсазан ӨТЕУБАЕВА,
Кенже БАЙБАТЫРОВА,
Қаратөбе ауылы.
13 қаңтар 2018 ж. 1 284 0