Тұрғындармен кездесулер өткізілді
Бәрімізге аян өткен жылы жергілікті бюджеттен Жаңақорған кентінің бірқатар көшелеріне асфальт және тас төселіп, аудан келбеті біршама ретке келтірілген болатын. Десек те кент ішінде әлі де тас төселмеген, тұрғындардың жылда мәселе етіп көтергенімен әлі күнге дейін сағыздай созылған уәделерден аса алмай келе жатқанына, нақтырақ айтқанда Жаңаауыл, Санатория көшелерінің тұрғындарымен кездесулерде куә болып қайттық. Кездесу барысында Түйменұлы көшесінің тұрғындары Дүйсеев Сейдахмет, Жаппаров Қайрат, Бидаш Ысқақов көшесінің тұрғындары көше комитетінің төрағасы Искаков Сейдахмет, Жәденов Мұхамедәлі, Махамбет көшесінің тұрғындары Исмайлов Нуриддин, Бименов Нұрғали және Әлімкөл көшесінің тұрғындары Омарова Ұлтай, Искакова Розалар шығып сөйлеп, төмендегідей өзекті мәселелерді көтерді.
- Махамбет көшесіне асфальт төселсе;
- Әлімкөл көшесіне тас төселсе;
- Түйменұлы көшесінің қиылыстарына тас жол салынса;
- Электр желілерінің және Түйменұлы көшесінің басы мен аяғында орналасқан трансфарматордың да тозығы жеткендігі;
- Жаздың күні ауыз су мәселесі де туындайтындығы;
- Жаңаауылдағы соңғы аялдамаға дейін жарықтандырылу жұмыстары жүргізілсе;
- Кейден ауылынан бастау алған аяқ су мәселесі де шешілсе деген ұсыныстарын тізбектеп шықты.
Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданы филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты