№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тотаев көшесі тұрғындарының назы

Тотаев көшесі тұрғындарының назы

  Өзіміз тұрып жатқан жерұйығымыз саналар – Жаңақорғанның жалпы келбеті, көрінісінің көрікті болуы көше тұрғындарының жауаптылығына тікелей байланысты.


   Осы тұрғыда келгенде, орталықтағы Тілеу Тотаев көшесі тұрғындарының белсенділігі көпке үлгі болып келеді. Көше тұрғындары бұған дейін өз қаражаттарына тас төсеуге мәміле жасап, тал егіп, таза ұстауының нәтижесінде «Үлгілі көше» аталымын екі рет жеңіп алған болатын. Газдандыру және су құбырларын жүргізу кезінде тұрғындардың еңбегі еш кетіп, ойдым-ойдым арыққа айналды. Осыған орай, тұрғындардың жазған шағымына 11.04. 2018 жылы қайтарған жауабында Жаңақорған кентінің әкімі А.Ахметов: «Тотаев көшесінің жолын орташа жөндеуден өткізіп, асфальттауға биылғы жылдың басында тиісті қаржысы берілгенімен, бюджетке кері қайтарып алды. Алдағы уақытта бюджетті нақтылау барысында тиісті қаржысын қайта берсе, көше жолына орташа жөндеу жүргізіліп, асфальтталатын болады»,– деп жауап беріпті. Көше тұрғындарын мазалаған жыл басында бөлінген қаржы неге қайтарылып алынды? Оған кім жауапты? Сұрақ көп...
18.04.2019 жылы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінен хат келеді. Онда: «Т.Тотаев көшесін жөндеу жұмыстарына 2019 жылға қаражат қарастырылмаған. Бағдарлама әкімшісі «Жаңақорған кенті әкімі аппараты» тарапынан тиісті нормативтік актілерге негізделген, ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы және дұрыстығы қамтамасыз етілген бюджеттік өтінім тапсырған жағдайда, аудандық бюджеттің мүмкіншілігіне қарай аудандық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылатындығын хабарлайды»,– делінген.
Сәуір айында Т.Тотаев көшесінің тұрғындары атынан комитет төрағасы Ж.Тасболатов Жаңақорған кентінің әкімі Әбунәсір Бекішевке: «Тура осындай түгелдей ағаш егіліп, тазалығын сақтап тұрған Жаңақорған кентінде бірде-бір көше жоқ. Биыл оң жақтағы Молдалиев, сол жақтағы Файзуллаев көшелерін асфальттанады. Ортадан Т.Тотаев көшесінің қалдырылуына не себеп? – деп үміттерін алға тосады.
Көше тұрғындары атынан келген комитет төрағасы шығармашылық ұжымға осылайша уәжін жеткізді. Біз ел ағасының өтінішін хатқа түсірдік. Оған кент әкімдігі жауап қатып, көше тұрғындарына қуаныш сыйлайтынына сенеміз...

Иса Беркімбай
25 маусым 2019 ж. 1 000 0