№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨШЕЛЕР ТОЛЫҚ ЖӨНДЕЛЕ МЕ?

КӨШЕЛЕР ТОЛЫҚ ЖӨНДЕЛЕ МЕ?


Төл басылымда дүркін-дүркін көтерілген мәселенің бірі – ауыз су жүйесін сапалы жүргізу жайы-тұғын. Ж­урналист Әбдісамат Әбдіш қоғамдық рейдке шығып газеттің №21 (8142) нөмірінде «4-кезең: соңғы үміттің сәулесі» атты сыни мақаласын жариялады. Редактор Нұрлат Байгенже басылымның №52 (8173) нөмірінде «4-кезең: бар үміт сенде» деп 4 млрд. теңге бөлінген жобаның маңызына тоқталды. Әрі су жүйесіндегі сапасыз жұмыстарды тізбектеп берді. Әрине, жергілікті билік қоғамдық маңызды мәселеге бақылауды күшейтіп, сапаға мән беру қажеттілігін айтты. Себебі, тұрғындар су құбыры жабылған жерлердегі ой-шұқырларға наразылығын ашық айтып, арыз-шағымдарын көбейтті. Осыны ескерген билік көшелердегі шұқырларды асфальтпен жамай бастады. Сондай игілікті іс Пахырдинов көшесіне жүргізілді.
Бірнеше жыл Пахырдинов көшесінің тұрғындары асфальт жолды ұзақ күтті. Сол армандарына жеткенде су жүргізу мақсатында асфальт жолды тілім-тілім етіп, көлік жүруге жарамсыз етті. Сондықтан, көше тұрғындары жолдың бұзылғанына алаңдап, арыздарын білдірді. Бірақ, жергілікті билік сөзінде тұрып, темір жолды жағалай орналасқан көшені жаңғыртуды қайта қолға алды. Жөндеу жұмыстарына «Темір Строй Сервис и К» ЖШС жау­­апты екен.
– Қазір Пахырдинов көшесін аяқтадық. Сондай-ақ, А.Иманов көшесінің қазылған жерлерін де ретке келтірудеміз. Алдағы уақытта барлық асфальттанған көшелерді де қолға алатын боламыз. Сондықтан, тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ, – деді мекеменің учаске басшысы Нұрсұлтан Андиров.
Көлік жолдарының жөнде­летініне сендік, алайда тұрғындардың да асығуына себеп жоқ емес. Өйткені, бір айдан кейін күз басталып, жауын-шашын көбейеді. Сонда есік алдындағы топырақ батпаққа айналып, үй иелерінің мазасы кететіні айтпасақ да түсінікті. Уақыт күттірмей асфальттанған Пахырдинов кө­шесіне барып, жөндеу жұмысын көзбен көріп, тұрғындар пікірін тыңдадық.   
– Әрине, су келеді деп қуанғанымыз рас, алайда, былтыр ғана асфальттанған көшенің асфальт жолын қазғанда мазамыз қашқан еді. Қайта жөндеу жасалып жатқаннан кейін көңіліміз орнына келді. Қалған көшелер де осылай болса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді көше тұрғыны.
Айтпақшы, кейдендіктер мен Жаңаауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық бар. Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров биыл Жаңақорған кенті – Жаңаауыл – Кейден ауылдық округі аралығындағы жол толығымен орташа жөндеу жұмыстарынан өтетінін хабарлады.
Тозығы жеткен жол тұрғындардың орталыққа қаты­науына кедергі. «Қалауын тапса қар жанар» демекші, биыл игі бастамалардың көптеп куәсі болады деген ниеттеміз. Ең бастысы, тұрғындар тілегі орындалса болғаны.
Қорыта айтқанда, кент тұр­ғындары ауыз су құбырларының жүргізілуіне қатаң бақылау болғанын, қазылған жол жиектерінің қайта қалпына келгенін қалайды. Өйткені, мемлекет қазынасынан бөлінген қаржы қомақты. Нақтысы – 4 млрд. теңге. Жалпы, көшелер толық жөнделе ме? Осы сұрақ тұрғындарды мазалайды.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
05 тамыз 2018 ж. 1 023 2

Гость Jeahulalf от 19 ақпан 2019 20:47
Comprar Cialis Online En Espana Domperidon 10mg For Sale viagra Indications For Zithromax Cytotec Et Pose De Mirena

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 19:56
Generique Kamagra 25 Mg cialis vs viagra Tamoxifen Sale Online