№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кездесу Жаңақорған кентінде түйінделді

Кездесу Жаңақорған кентінде түйінделді

Кездесу Жаңақорған кентінде түйінделді
Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаттары елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, негізгі мәселелерді саралаған-ды. Бұл жөнінде бұған дейін жаздық. Кеше Жаңақорған кентінің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдап, шешілу жолын пайымдау мақсатында мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, депутаттар Жасұлан Амалбеков, Әсем Тілеубергенова жолға шықтық.
Алдымен, Құрманғазы көшесіндегі Сейхун кафесінің маңында сол аймақтағы және МАИ бекетіндегі көше комитетінің өкілдері бас қосты.
– Аудандық мәслихаттың сапалық құрамы артты әрі қос партиядан құралып отыр. Жастар мен әйелдердің саны артты. Бәрінен бұрын, әр салада табысты еңбек етіп жүрген білікті, белсенді, білімді азаматтардан құрылды. Бұл әрбір іске сергек қарап, нақты шешілуіне ықпал ететін фактор деп ойлаймын.
Бұған дейін 26 ауылдық округті араладық. Енді Жаңақорған кентінің тұрғындарымен кездесудің қорытындысымен аудандағы негізгі мәселелерді айқындап, қажеттілігіне қарай атқарушы билікпен бірлесе шешудің жолын қарастырамыз, – деді Ғалымжан Жарқынбекұлы.
Кездесу барасында Үмбет Әбибуллаев жол құрылысы және оның сапасы жөніндегі ойымен бөлісіп:
– Жолдың жүкті көтеретін қабілеті болады. Біздің жолдардың категориясы 5 санатқа жатады. Мұндай жолдарда 5 тонналық жүк көліктері жүруі тиіс. Сондықтан жүк көліктерінің жүруіне шектеу қою маңызды. Жолдың сапасына су жүретін лотоктардың болуы да маңызды, – деді.
Насырхан Балтабаев Құрманғазы көше­сінде екі жерде су жиналатынын, көше жөнделген жағдайда осы екі учаскені биіктетуді ұсынды. Ал, МАИ бекетінен келген Динара Ахабаева 4 көшенің не атауы жоқтығын, не жол жоқтығын алға тартты.
– МАИ бекетенің 4 көшесіне "маңдайының соры бес елі" деген тенеу айтуға болады. Көшемізде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Жауын-шашынды күндері олардың жүріп-тұруы қиындайды. Көшемізге жедел-жәрдем де келе бермейді. Көшеге қиыншық тас төсеп берсе, – деді Д.Ахабаева.
Гүлбану Білалова кент тұрғындарының мал бағу мен ұстаудын Қағидасы шешуді ұсынды.
***
Одан кейін Қорғантоғай аумағында кенттің солтүстігіндегі тұрғындармен кез­десті. Онда тұрғындар ойын ашық білдіріп, қордаланған мәселені ортаға салды.
Алғашқы болып сөз алған Абибулла Шер: "Жеңіс көшесінің тұйығы саналған Оразбек Қашқынов көшесінің неше жылдан бері мәселесі шешілмей келеді. 410 метр болатын көшені асфальттауды, жарық жүргізуді 35 жылдан бері сұрап келеміз. Бірақ нәтиже жоқ. Осы мәселе қашан шешіледі? – деді.
Бұл сұраққа Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов "2021 жылы көше асфальттанады" деп жауап берді.
Нұрғали Әшірбеков Қорғантоғайға асфальт төселгелі жоғары жылдамдықпен жүретін көліктердің саны артқанына алаңдап, көшенің бойына жылдамдықты азайтатын кедергілерді қоюды сұрады, сосын мектепке баратын оқушыларға жаяу жүргінші жолы керектігін айтты.
Гүлжахан Мәмбетәлива А.Жанпейісов көшесінің, ал, Марат Есентай Б.Аралбаев көшесінің мәселесін қозғады.
***
Үшінші кездесу "Болашақ" балабақ­шасының маңында өтті. Оған Саяжай, Ипподром және кенттің солтүстік аума­ғындағы тұрғындар келді. Адам қа­расы қалың. Бәрі өздері толғандыратын қажеттіліктерді айтуға асықты.
Оразбек Баймаханов көшеде қаңғыбас иттер жасөспірімдердің қауіпсіздігіне алаң­дайтынын, сондықтан қаңғырып жүрген иттерді құрықтауды айтты.
Әбен Бектуров ауыз суды шешуді қозғаса, Жалғасбек Қайғанбаев жол құрылысын жүргізгенде талап-стандарттар сақтала бермейтінін, сол себепті көшелерде ойдым-ойдым жерлер көп екенін ортаға салды.
Сырғалым Болғанбаева: "Есболғанов көшесі кенттің орталығына айналды. Бірақ е жарық жоқ, е су жоқ, е асфальт жоқ. 38 жылдан беру ұсыныс-тілегімізді айтып келеміз. Нәтиже жоқ. Бұған аудан басшылары назар аударатынына сенемін, – деді.
Досымжан Махмұт Саяжай аумағындағы негізгі мәселелерді айтты.
***
Түстен кейін М.Көкенов көшесінің және С.Сапарбаев көшесінің бойында кент тұр­ғындарымен кездесу жалғасты. Онда да тұрғындар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды:
– №56 мектептің ескі ғимаратын тездетіп бұзу керек. Себебі жаз айларында жасөспірімдер сонда ойнайды;
– Алсарин көшесіндегі тұрғын үйлерді жөндеуге мән беру;
– Ауыз су және электр жарығы мәселесін шешу;
– Балалар ойын алаңын салу;
– Тазалыққа мән беру;
– Көшелерді көкгалдандыру және т.б турасында талқыланды.
Аудандық мәслихат депутаттары кент тұрғындары көтерген мәселелер орынды екенін айтып, атқарушы билікпен бірлесе отырып, әрбір ұсыныстың маңызына қарай кезең-кезеңімен шешілуге ықпал ететінін сөз етті.
Кездесу барысында 2021 жылы Ызғар өңіріне орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған полигон салынатыны белгілі болды. Сондай-ақ, МАИ бекеті, Саяжай, Ипподром аумағындағы бірқатар көшелерге қиыршық тас төселеді. З.Мұсаханов, Құрманғазы, Қ.Тағаев көшесі орташа жөндеуден өтеді.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
10 наурыз 2021 ж. 553 0