» » Көшеңіздегі қоқысты қай күні алып кететінін білесіз бе? Тізімге үңіліп, кестені көріп алыңыз...

Көшеңіздегі қоқысты қай күні алып кететінін білесіз бе? Тізімге үңіліп, кестені көріп алыңыз...

Төл газеттің №86 (8304) нөмірінде жарияланған «Тазалық мәселесі мезгіл талғамайды» атты мақаласында Жаңақорған кентінің бір бөлігіне аудандық мәслихаттың шешімі бойынша кенттің әр отбасындағы адам санына байланысты тазалыққа 65 теңге төлеуі тиіс екені жазылды. Осыған орай «Жаңақорған-тазалығы» ЖШС-нің  Жаңақорған кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару кестесі төмендегіше бекітілді.
Жаңақорған кентінің аймағы үлкен. Сондықтан аптаның әр күні көше-кешеге бөліп, тазалық жасауды қолға алынады. Дүйсенбі күні Зұлпыхар Мұсаханов, Қорған, Манап Көкенов, Амангелді Иманов, Сартай Дауешов, Әбіш  Шоқыбаев, Ыбырай Алтынсарин, Хорасан ата көшесінде тазалық жұмысы жүргізіледі (көше бойына қапқа салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетеді).
Сейсенбі күні – Садықбек Сапарбекұлы, Нұрғали Түршекұлы, Әлшекей Бектібаев, Аманбай Шонабаев, Мұсахан Жапаров (бұрынғы Гагарин), Сұлтанбек Қожанов, Ахмедия Пахырдинов, Әбдіқадыр Хайнекеев, Сейдемет Абдреймов, Үндемес Есенбеков көшесіне, аптаның сәрсенбісінде МАИ бекеті көшелері (Нұртаза Мырзахметов, Қаржаубек Жарқымбекұлы, Құлан Алдабергенұлы, Шаймерден Бәкірұлы, Құдабай Наурызбаев, Нұрберген Тастаев, Айдархан Ержанов, Төлеген Бердібаев, Пархат Оңғарбаев және Үсен Дүйсенов) көшесі қамтылады. Сондай-ақ, Алтыкрант көшелері – Әлі Тоқсанбаев, Ахмет Шынтаев, Құдас Жүнісбеков, Алаш Жаппасов және Ерман Байзақов көшесі бар.
Ал бейсенбі күні Қорғантоғай, Қалдарбек Әшіров, Алғашбек Шаухаманов, Мұхтар Нарымбетов, Мәнсүр Мұсаев, Ахметжан Жанпейісов, Бегайдар Аралбаев, Айдарбек Нәлібай, Мамат Түйменұлы, Бидаш Ысқақов, Маханбет Дәруіш, Орынбай Бидашов көшесіне тазалық жұмыстары жүреді. Сонымен қатар, Санатория көшелеріне (Әлімкөл, Тұрсынбек Исмайлов, Исмайыл Ысқақов, Нарзилда Қалилаев) тазалық жүргізіледі. Жұма күні Тәуелсіздік көшесі (Самара-Шымкент тасжолы) мен Шалқия трассасы бойына мән беріледі.
Айта кететіні, «Шиелі жарығы» аудандық филиалы мекемесінде арнайы маман отырады. Тұрмыстық қатты қалдыққа ай сайынғы төлем ақыны сол жерде төлеуге болады. Қосымша сұрақтар болса 87758838122, 8778-243-04-65, 8702-431-96-73 нөміріне хабарласуға болады.
Мұхамеджан РҮСТЕМОВ,
«Жаңақорған-тазалығы» ЖШС директоры
01 желтоқсан 2019 ж. 513 0