№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кітапхана қызметі өлшеусіз

Кітапхана қызметі өлшеусіз


Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы. Сондықтан кітапты оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз. Осы қағидаларға сүйене отырып, кітапханада кітап оқуға оқырман тәрбиелеудің жаңа әдістемелік бағыттары құрылады. Кітапхана – ғaсырдaн ғaсырға aдaмзaт тaрихының кeруeнін сүрiндiрмeй әкeлe жaтқaн шырaғы биiк пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы. Бірлік ауылдық кітапханасына ғасырға жуық уақыт болды, тарихы терең құтханада қаншама құнды мағлұматтар, тың деректер қатталып жатыр.


Кітапхананың негізі 1930 жылы бү­кіл­одақтық «Қызыл отау» науқаны кезінде қаланған. Жалпы іргетасы 1959 жылы қаланып, ел игілігіне берілді. Содан бері жаңғырып, жаңа­рып, жылдан-жылға кітап қоры да көбейіп келеді, ауыл тұрғындарының руханият ордасына айналды. Бірлік ауылдық кітапханасының ақпараттық стретегиясы бойынша жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып, жаңа жобалар, бағдарламалар мен жұмыстың жаңа тәсілдерін, түрлерін енгіздік. Осы құралдар арқылы оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып, жаңа­шылдық бағыттағы дамудың жаңа белесіне көтеріліп келеміз.
Біздің міндет-межеміз – заман тала­бына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсетіп, кітапхананың бүгінгі қоғамда құнды орталық екендігін дәлелдеп, беделін көтеру. Әрі, ақпарат көздерін, құжаттардың толық жинағын, оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауды көздейміз.
Қазіргі қoғaмдық өзгерістер, өркениет пен ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Қазіргі уақытта кітапханаларды интернет желілеріне қосу, ақпараттандыру ісі кеңінен өріс алды. Кітапханадағы интернет – тұлғaның мәдeниeтiн қaлыптaстырудағы арнайы технология жүйесі. Мұндағы интернеттің мақсаты жаңадан пайда болған ақпараттық әдістерді қолдануын түсіндіріп, ақпараттарды өңдеп, пайдаланушыға дерек көздерін нақты, әрі тиімді жолмен ұсыну болуда. Интернет желісі ақпарат іздеушіге кез-келген уақытта тиімді әрі жылдам ақпарат көзін тауып бере алады. Сонымен қатар басқа кітапхана жүйесімен байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Кітапханашы мамандығы үшін кәсіби біліммен қатар, жаңа техникалық құрал­дарды меңгеру, ақпараттық тех­­­нологияның көмегімен жоғары сапалы ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, оқырман сұранысын қанағаттандыру, кез-келген оқырман категориясымен жұмыс жүргізе алуы тиіс. Ал, ұдайы өз білімін жетілдіріп отыру заман талабы. Осыған орай, 2020 жыл­дан бастап компьютерлік сауаттылықты жетілдіру аясында Жаңақорған аудан­дық кітапханасында курстық сабақтар теориялық және практикалық жүйеде өткізілуде. Нәтижесінде кітапханашылар оргтехникамен, «РАБИС MS» «Word», MS «Excel», «Power Point», тағы да басқа бағдарламаларымен қатар брау­зерлермен, іздестіру жүйесімен жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда кітап қоры отандық, өлкелік және шетел басылымдарының әдебиеттерімен білім салалары бой­ынша қамтылып, толықтырылған. Кітап қорының құрамында кітаптар, мерзімді басылымдар, электронды басылымдар және брошюралар бар. 21478 дана кітап қоры болса, оның ішінде мемлекеттік тілде 12991 данасы жинақталған. Елдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуын, ел және әлемдегі саяси жаңалықтарды оқырмандарға дер кезінде жеткізу, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін, қазақ халқының көрнекті өкілдерінің мерейтойларын атап өту және жергілікті қаламгерлердің шығармаларын насихаттап келеміз. Сол арқылы құнды мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылады.
Жаңашылдық бағытта кітапха­на­ларда: тақырыптық кештер, әдеби вернисаж, еске алу кештері, әдеби квест, кездесу кеші, библиопост, дөңгелек үстел, печа-куча, дәстүрлі емес кітап көрмелері, материалдық емес құндылықтарды насихаттау және т.б.жаңа жұмыстың түрлері кітапхана ісіне енгізілген. Мәселен, Бірлік ауылдық кітапханасы қолға алған «Дарыны өскен, даңқты өлкем – Бірілгім» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен, яғни өлкетану бағы­тындағы әдебиеттермен таныстыру, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру, ауылдан шыққан ұлы тұлғалардың есімін ұлықтау, ауыл мақтанышына айналған жастардың облыстық, республикалық жетістіктерін таныстыру, үлгі ету мақсатында түрлі библиопосттар мен бейнероликтер оқыр­мандарға ұсынды.
Міне, кітапханашы ісінің жаңа бағыттағы бетбұрыстары осылай түзіліп келеді. Ең бастысы, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетіп, жастарды кітап оқуға жұмылдыру біздің басты міндетіміз.

Күләш Сұлтанбаева,
Бірлік ауылдық
кітапханасының меңгерушісі


21 сәуір 2021 ж. 893 0