«Мен саған есірткі жайлы айтыпберемін...»
Қазіргітаңда қоғамның ең ащы өзегі, дерті- есірткі. Қарап отырсаң осы атауының өзі «адамдыесіртіп, есерсоқ қылықтарын » көрсетеді деп айтып тұрғандай. Өкінішке орай көптеген жастарымыз осы дерттің құрбаны болуда. Бұл дерттің қаншалықты зиян екенін әлеуметтік желілерден көріп жүрмін. Қаншама жас өз өмірлерін қор етуде. Басы қызығушылықпен, еліктеуден басталып, ақыры айықпас дертке айналып, өз отбасыларынан, достарынан керек десең өз өмірлерінен айырылып жатыр. Мен осы жағдайларды көріп, естіп жүрмін. Менің қолымнан не келеді, осындай жағдайға түскен жастарға аяушылық білдіргеннен басқа. Сондықтан барша достарыма үндеу жариялағым келеді.
Өмір- бұл адамға бірақ рет беріледі. Сол үшін өмірді мәнді, мағыналы сүргенге не жетсін. Біз өмірге келгенде ата-анамыз өмірімді жалғастырушы, қызығым, бақытым деп қуанды емес пе? Неге ата-ананың үмітін ақтамасқа. Абай атамыз өзінің жетінші қара сөзінде: «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туылады. Біріншісі-көрсем, білсем, үйренсем деп. Екіншісі- жатсам, ұйықтасам, ішсем деп». Сен өзіңді қай мінезге жатқызғың келеді. Қазіргі заман бой таластыратын емес ой таластыратын заман. Сол үшін жаман, зиянды әдеттерге үйір болмай, заман талабына сай білімге, ғылымға ұмтылып, еліміздің көркейуіне үлес қосайық.
Достар зиянды нәрселерден аулақ болайық. Есірткі деген тажалмен, қоғам дертімен бірге күресейік! Салаутты өмір салтын ұстанайық! Өмірімізді жақсы нәрселерге, ғажайып күндерге, білім, ғылым жолына арнайық! Өмірдің басты байлығы-адам өмірі. Сол үшін өмірімізді, санамызды есірткімен улап, ең бағалы байлығымыз денсаулықты, адами құндылығымызды жоғалтпайық!
Достар! Мен есірткіге қарсымын! Сенде маған қосыл! Біз қазақ жастары еліміздің болашағымыз! Текті, рухты елдің ұрпағымыз. Біз санамызды есірткімен улауға жол бермейміз!
Қызылорда облысы.
Жаңақорған ауданы.
Бесарық бекеті.
№247 орта мектеп 9-сынып оқушысы Кенжетай Жаннұр
#есірткігеқарсы, #противнартиков