Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Берік отбасы – есірткіден алыс

Берік отбасы – есірткіден алыс


Жас шыбық желгетөзімсіз келеді.  Бала да солай, айналадағы нашар әдетті, келеңсіз қасиеттерді, атап айтқанда қазіргі уақытта қоғамды меңдеп бара жатқан нашақорлықты бойына тез сіңіріп алады. Бұдан «қашудың» ең тиімді жолы- отбасылық тәрбиенің мықты болуы.  Берік отбасының ғана тәрбиесі мықты болады. Жалпы  әр отбасы - шағын мемлекет деп айтылады.  Ол мемлекеттің ішкі істері, сыртқы істері, мәдениеті мен өнері, білім мен тәрбиесі өз дәрежесінде дамып отыруы керек. Сонда ғана шағын мемлекеттің іргесі бекіп, шаңырағы биіктей бермек.  
Отбасының беріктігі отбасында адами қарым-қатынастар жолға қойылғанда ғана бекімек.  Әке-асқар тау, отбасының тірегі, арқасүйері деңгейінде, ана- мейірім мен қамқорлық шуағын шашқан  иба мен инабаттың үлгісі деңгейінде, бала ата-анадан алған тәрбиесінің арқасында сәмбі талдай түзу өсіп, болашақ ұлттың көрінісі деңгейінде көрінгенде ғана ұлттың болашағына алаңдамауға болады. Отбасының әрбір мүшесі өзінің ролін өз деңгейінде атқарғанда отбасының беріктігі одан әрі бекіп, қоғамның мықты бір қалыптастырушысы болады. Яғни , әр отбасының беріктігі отбасы мүшелерінің қандай қиындыққа болса да төтеп беріп, түтінін түзу шығарып, ынтымақта өмір сүруінде.
Ал отбасында әке, ана ролін алып жүре алмаған ата-ана,  өз отбасына ғана емес бүкіл ұлтқа қауіп төндіреді. Әке ұлымен, ана қызыменсырласпаған соң бала қай жолдың түзу екенін білмей адасушылыққа ұшырайды. Жалғызсырап жүрген бала өзі жүрген ортадан дос, серік іздейді. Осындай сәтте баланың жүретін ортасы нашар болса ол баланы да құрдымға сүйрейді. Есірткіге, ішімдікке, темекіге әуестік осыдан басталады. Ал жастары есірткіге еліткен елдің ертеңі күмәнді, болашағы белгісіз.
Есірткі сөзі бізге таныс. Ол қаншалықты таныс десек те, оның біз білмейтін сырлары тереңде жатыр. Өйткені біз есірткі тұтынушының өзіне, отбасына, қоғамға қаншалықты қауіп төндіретініне жете мән бермейміз. Оның себебін анықтап, салдарын болдырмауды соңғы орынға қоямыз. Сондықтан біздің тәрбиелеген ұл-қызымыз есірткі қолданудан қандай жапа шегетінін білмеуі де мүмкін. Осыған байланысты отбасында имандылық тәрбиесін алдыңғы орынға қою керек. Имандылық тәрбиесін алған бала нәпсіқұмарлыққа жол бермейді, құмар ойындардан аулақ болады, ең бастысы, ата-анаға қарсы сөйлеп, ата-ананың тәрбиесін қабылдамаудан аулақ болады. Бұл деген сөз есірткі, темекі, ішімдік сияқты қоғам дерттерінен аулақ болады деген сөз. Өйткені бала өз білгенін емес, отбасында көргенін, бірге жүрген ортасынан үйренгенін істеп, өсіп-жетіледі.  Балаға осы аталған жаман әдеттердің салдарын ұғындыру болашақ үлкен қауіп-қатердің алдын алады. Қазіргі кезед есірткі қолданудың зиянын біле тұра, оған қарсы тұра алмайтын жастар көбейді. Бұның себебін ересектерден іздеу керек. Өйткені  баласына теріс үлгі көрсетіп, зиянды әдетке жақын жүрген ата-ана баласына қандай тәрбие бермек. Есірткі адам денсаулығына зиян деп қана қарамау керек. Балаға есірткінің адам ағзасына тез бейімделіп, бір қолданыстан кейін-ақ тәуелділікке әкелетінін, ал есірткіге тәуелділіктің соңы-шыңырау екенін, оған қарай басқан бір қадамның өзі қайтып кері қайтуға болмайтын жол екенін әуел-бастан жүйелі түрде түсіндіріп отыру-ата-ананың парызы. Өйткені нашақор отбасында дүниеге келген нәрестелердің ақыл-есі кем, денсаулығында ақауы бар, түрлі айықпас аурулармен дүниеге келу қаупі жоғары екені шындық. Бұл дегеніміз-  мұндай отбасынан шыққан жастарымыз қоғамның толыққанды мүшесі бола алмайды деген сөз. Сондықтан ата-ана кәмелетке толмаған, оң-солын танымаған баланың қайда жүргенін жіті бақылап, олардың жүріс-тұрысын мұқият қадағалау керек.
Қазақ халқының мақтанышы, ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынов «Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жетіспегендігінен.. –дейді.» Міне, бізге жетпей жүрген нәрсе-осы.
Қазақ халқының жеті атаға дейін қыз алысуға болмайтын заңдылықтары халықтың ұлт тазалығын сақтаудың, дені сау ұрпақ өрбітудің  жолы . Осындай тектілікті сақтай білген бірден-бір халықтың қазіргі ұрпақтары ұлттық кодты сақтай білуіміз керек. Ұлттық код- ол біздің салт – дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз, ұлттық байлығымыз. Ұлттық кодты сақтау- отбасынан басталады. Ұлттық тәрбиемен сусындаған отбасының келешегі кемел, болашағы жарқын.
Ендеше Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағын тәрбиелеуді ертеңге қалдырмайық.


#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
17 ақпан 2021 ж. 488 0