№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың бастауы

Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың бастауы


Адам баласының өмірдегі ең басты мақсаты – өнегелі өмірдің өрнектерін қалдырып, өскелең ұрпақты адами қасиетінен айырылмай, қоғамдағы орнын табуына сәл де болса септігін тигізу емес пе? Шыны керек, бүгінгі жастардың көбі жүгенсіз кетті, әсіресе есірткі мен ішімдікке әуес жастардың қатары сиреп келеді. Бірақ заман ағымы бұл емес, қазіргі талап тек оқу-білімде, ғылым мен заманауи технологияда. Сондықтан санамызды тек жақсы жаққа, әсіресе ұлттық тәрбие, салт-дәстүрге бқруымыз тиіс. Өйткені елдің ертеңі мына біздер. Біз бүгін қандаймыз, келешекте солай қалыптасып кетеміз. Ата-ананың алдын кеспей, ұстаздың ұлағатын ұлықтап, берілген білімді сіңіріп, таңдаулы мамандық иесі атанып, елге еңбек сіңіру бұл бүгінгінің талабы.
Иә, есірткі заты адам денсаулығына зияны бір бөлек, ұлтымыздың болашағына балта шабатын үлкен алапат деуге болады. Біздің көп байқайтынымыз қазір жастардың басым бөлігі спортпен шұғылданады. Мектеп кезінен шұғылданып, жеңіске жетіп жатқан қатарластарымыз бар. Олардың жетістігін көріп қуанып қаламыз, бірақ осы бір заттың құрбанына айналып кеткен аға буынды естігенде кейде ренжитініміз рас. Өйткені бізге тәрбиені солар беріп келеді, біз соларға қарап бой түзейміз. Көненің көзін көрген, естінің әңгімесін естіп өскен апа-аталарымыз: «адам болу өзіңнен, діңгегіңе кіл келтірме» деп айтушы еді. Соның өсе келе түсініп жатырмыз.
Шынында, әке-шешеміздің үкілеп баққан перзентіміз ғой. Олардың артына кір келтірмей, салауатты ұрпақ болып өніп-өсу өзімізге байланысты. Қазір балалық шақтан өтіп, үлкен өмірге ентелеп келеміз. Орта жолдан астық, ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеп келеміз. Біз тәрбиелеген шәкірт қандай болып өседі, мәселе осында. Бір сәттік тән рақаты бір тағдырдың ертеңіне балта шаппаса дейміз. Оқушылардың қазір ойы жүйрік, екінші жағынан елгезек келеді. Сол себепті, санасын сутпай, мағыналы өмір мәнімен өсіруге тиістіміз.
Сыр өңірі, оның ішінде жазиралы Жаңақорған жерімен қалай мақтансақ та, қай жағынан мадақтасақ та жарасады. Туған өлкеміздің осындай бай табиғаты тұрғанда, біз өзге өңірге сабылып қайтеміз. Бұны бір деңіз, екіншіден, спортпен айналысу, қай салада болмасын жетістікке жетудің жолы бола тұра ессіз жолға түсіп кетуге неге құмармыз? Бұл өте қате таңдау, біз білімді болсақ ғана емес, елдің ертеңі нұрлыболмақ. Бір сөзбен айтқанда, біз сүріп жатқан ХХ ғасыр – білімнің алтын дәурені. Сондықтан Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастаған қадамын жалғастырушы да, келер ұрпаққа жеткізуші де мына біздер. Біздің ұран нашақорлыққа жол жоқ!
Айдана ТАСБОЛАТОВА,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы,
М.Нәлібаев ауылы,
№196 орта мектеп, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
24 қараша 2020 ж. 665 0