№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін


Мен үшін «есірткі» сөзі тым суық, жанға жайсыз естіледі. Қазіргі таңда, өскелең жастың дұрыс, түзу жолмен жүруіне үнемі кедергі келтіріп жатқаны да – осы есірткі мәселесі. Тіпті, ғасыр дертіне де айналды. Біздің мектепте жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа құмар болуы керек шаралар көп жүргізіледі. Есірткі, шылым, арақтың да кері жақтарынан хабардар болып жүреміз. Берекесіздікке ұшырататынын білсек те, жастардың болашағына тұсау болып жатқан тұстарын көріп жатырмыз.Қазақ атамыз: «Бірінші байлық-денсаулық» - деп бекер айтпаған. Сол байлығымызды қаншалықты бағалап жатырмыз? Бағалап жүрсек, есіркіге тәуелді болып, жануарлардан төмен санаға қалай түсіп жүрміз? Демек, бізде бағыт дұрыс жүйеде емес. Көптеген шаралар, тәрбие сағаттар, сынып сағаттары өткізіліп жүр. Дұрыс жолдан бұрылып кетуімізге бұл аз. Біздің тәрбиелік санамыз отбасынан басталады емес пе?! Ендеше, отбасымызда айтарлықтай мән айтылмай жүр деп кесіп те айта алмаймыз.
Біздің елімізде де есірткіні пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Оларға: гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы да басқа заттар жатады. Бірде, мектепшілік сурет байқауы болып өтті. Бір күндігі сурет байқауына арналды. «Есірткіге жол жоқ» тақырыбына сынып болып сурет салу керек болатын.
Мен үлкен плакатымды алып тақырыпты достарыма айтқаным сол еді, әркімнің қиялы тым ұшқыр. Бәрі есірткіден хабардар. Оның жолы ауыр, болашаққа балта шабу деп біледі. Қуанғаным, есіркіден аулақ болып, салауатты өмір салтын жайма-шуақ күнге теңеп, білім алып, өмірдің жақсы жақтары қиял төрімізден орын ала қалды. Плакатқа түскен сурет керемет шықты. Бояуы қанық, бір көргеннен мақсаты анық. Денсаулық - зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз.
"Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор. Есіркі денсаулыққа да, санаға да зиян екенін айта отырып, өзімнің достарымды бұл заттан аулақ болуын сұраймын.
Құрметті, жас достар! Өзіміздің ортамыз таза, болашағымыз баянды, келешегіміз кемел болсын десек, есірткісіз өмірді таңдайық. Салауатты өмір салтын ұстана отырып, өз денсаулығымызды қадірлей білейік! Өйткені елдің ертеңі біздің қолымызда, осыны ұмытпайық. Бәрі өзіміздің қолымызда!
Әбдіқадір Несібелі
Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылы
№195 мектеп-гимназиясы
19 қаңтар 2021 ж. 959 0