» » Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды


Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ


Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар №754

Әлихан Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дү­ниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мем­лекеттік ұлттық университетін «қол­данбалы математика» маман­дығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жа­нын­­дағы Қазақстан менедж­мент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік бас­қару магистрі дәрежесіне ие болды. 1993-1999 жылдары – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары; ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкім­шілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған. 1999-2003 жылдары – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 2003-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөнін­дегі мемлекеттік сақтандыру компания­сы» АҚ басқарма төрағасы. 2006-2009 жылдары – ҚР Қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті. 2009-2014 жылдары – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 2014-2015 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы. 2015-2018 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі. 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін – Қаржы министрі. 2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығы­мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалған болатын.
15 қаңтар 2022 ж. 430 0