Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз»

«Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз»


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.


Пленарлық отырысқа дейін Мем­лекет басшысы Парламент Мәжілісін­дегі саяси партиялардың фракциялары жетекшілерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смай­ыловтың кандидатурасын талқылауға ұсынды.
Фракциялар жетекшілері Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдірді.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясының 44-бабына сәй­кес Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смай­ыловтың кандидатурасын ұсынды.
– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парла­мент Мәжілісінің қарауына ұсынамын. Ол – тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жө­ніндегі агенттіктің төрағасы, Пре­зиденттің көмекшісі, Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі. Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін, – деді Президент.
Саяси партиялардың фракция жетекшілері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдіріп, сөз сөйледі.
Талқылаулардан кейін дауыс бері­ліп, Мәжіліс Президенттің Әлихан Смайыловты Үкімет басшысы лауаз­ымына тағайындау жөніндегі ұсынысына келісім берді.
Пленарлық отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Премьер-Министр лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мә­селелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді.
Мемлекет басшысы сөзінің соң­ында қайғылы күндері бірлік та­нытқан қазақстандықтарға шынайы ризашылығын білдірді.
– Жуық арада болған қайғылы оқиғалар кезіндегі экстремистермен күресте азаматтарымыздың көпшілігі патриоттық танытты. Халықтың бірлігі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменді дамуы идеясына деген шынайы сенімі – еліміздің дамуы мен қоғам болып ұйысуының мықты іргетасы. Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

akorda.kz
15 қаңтар 2022 ж. 662 0