Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Мадина Әбілқасымова ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген үкіметтің сайтында.
Үкіметке отставкаға кеткенге дейін Мадина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Оның орнына Ақтөбенің экс-әкімі Бердібек Сапарбаев келді.
Ал ұлттық экономика министрі болып Руслан Дәленов тағайындалды.  Мадина Әбілқасымова 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін "мемлекеттік басқару магистрі" мамандығы бойынша аяқтаған.
Түрлі жылдары Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры болып еңбек еткен.
2006-2008 жылдары Әбілқасымова ҚР премьер-министрі кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары болған, одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған.
2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымын атқарған. 2012 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары, 2013-2014 жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметтерінде болды.


12 наурыз 2019 ж. 743 0