№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімді жас – ұлт болашағы

Білімді жас – ұлт болашағы


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп XXI ғасырда білімді ұлт озатынын дөп басты. Қазір жасөспірімдер мен жастардың сапалы білім алуына толық мүмкіндік бар. Әрі біздің білімпаздар мұндай мүмкіндікті мүмкіндігінше пайдаланып, біліктілігін шыңдап, белсенділігін арттыруда. Міне, біз сондай жастарды кейіпкер еттік.


№195 мектеп-гимназияның шәкірті Шұғыла Ғалиқызының жетістіктеріне айрықша тоқталмақпыз. Ол 2018 жылы математика пәнінен республикалық олимпиадасында білімін дәлелдеп, жүл­дегерлер қатарынан көрінді. Биыл «Тұлпар мініп, ту алған» көркемсөз оқу байқауында дараланды. Ал, «Тілім менің ғасырлардан аманат» атты аудандық эссе байқауында бірінші орыннан көрінді. Ағылшын тілін жақсы меңгергенінің арқасында «EDUSTREAM» компаниясының ұйымдастыруымен өткен «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту» республикалық сайы­сында топ жарды. 2019 жылы «Желтоқсан батыры» атты республикалық эссе жазу байқауында үздік екіліктен көрініп өзінің әдеби тілге төселгенін дәлелдеді. Дәл осы жылы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық ке­зеңінде ағылшын секциясы бойынша үшінші орын алып, шет тілге де шебер екенін көрсетті. Сондай-ақ жемісті жылда «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Ар­дақты ұстазым» Республикалық бай­қауында үшінші орынды иеленді.
Шұғыланы жарыстарға жетелеп жүрген жетекшісі Бану Дәнебекова.
– Шұғыла өте зерек, қандай істі болса да соңына дейін, жоғары дәрежеде орындайды. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, білімнің маңызын жете түсінген оқушының бірі осы Шұғыла. Ол 5 сыныптан бастап түрлі байқауларға қатысып, өзінің алғырлығын көсетіп келеді. Қазіргі уақытта ҰБТ-ға дайындалып, бақылау сатыларынан жоғары балл алып жүр. Болашағынан үміт күттірер шәкірттеріміздің бірі, – дейді ол.
Бос уақытында мектепшілік үйір­мелерге қатысып, қызықты кітаптар оқығанды жақсы көреді. Қазіргі таңда уақытының көп бөлігін, бар зейінін алдағы ҰБТ-ға дайындалуға арнауда. Ол биология-химия пәндерін таңдап, болашақта ақ халатты абзал жан болғысы келеді. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дегендей, Шұғыланың білімін шыңдауда білікті ұстаздарының үлесі зор. Әсіресе осы сынақтарға шыңдап жүрген жетекшілері Бану Дәнебекова, Шынар Қожағұлова, Күлбибі Тасмановалардың еңбегі зор. Мектеп директоры Жанат Жүсіпова ынталы оқушылардың қабілетін ашуда, қамқорлығын аямай, сабақтан тыс уақытта үйірмелер жұмысына ерекше мән беріп келеді.
Осындай ерек бейімі мен білімін ұштастырып жүрген озаттың бірі №110 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Қалкөз Зарина. Көпбалалы отбасында дүниеге келген Заринаның математика пәніне қызығушылығы өте жоғары. Мектеп оқушылары үшін өмірдің бір белесі саналатын ҰБТ-да физика, математика пəнін таңдағалы отыр. Заринаның анасы Әлия Әбжанованың пікірін сұрадық.
– Зарина қызымыз өте еңбекқор әрі білімге құштар. Бала кезінен алғырлығымен мұғалімдерінің де көзіне түсіп, түрлі байқауға қатысып келеді. Үйдегі бауырларының сабағына да көмектесіп, олардың өзі сияқты жан-жақты болуы үшін жәрдемін береді. Мектеп тарапынан Зарина жөнінде тек мақтаулар ғана естіп, марқайып отырамыз. Қызымның болашағы жарқын боларына сенімдімін дейді, – ақжарқын ана.
Зарина 5 сыныптан бастап мек­тептің арнайы шақыртуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемле­кеттік университетінен келген про­фессорлардың дәрісіне қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ ғылыми жобамен де айналысып, 10 сыныпта облыстық ғылыми жобалар байқауынан екінші орын алды. Табанды қыз мұнымен тоқтамай, Халықаралық ғылыми жоба сайысына қатысып, ол жерде үздік үштіктен көрініп, қола медальді еншіледі. Осындай жетістіктері нәтижесінде облыстық «Сыр Дарыны» медалін кеудесіне тақты. Биыл тағы да облыстық ғылыми жоба сайысына қатысып, бəсекелес болған 40-қа жуық оқушының ішінен «Алғыс хат» иеленіп қайтты. Ендігі мақсат – Сырдың ғана емес, бүтін қазақ елінің қасиетті тұғырынан танылсам дейді.

Рауза ӘЗІЛХАН
29 желтоқсан 2021 ж. 260 0