№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас ғалымның жаңалығы

Жас ғалымның жаңалығы


Шыны керек, қазір ағылшын тілін жетік меңгеру заман талабына айналды. Әсіресе, өркениетті елдерде қарым-қатынас құралы ретінде кеңінен қолданысқа енгелі қашан. Сондықтан қазіргі жастар осы бағытқа бейімделіп, жаңа технологияларды мең­геруге бет бұрды. Оның ішінде техниканың тілін түсініп, телефонның тиімді тұсын тұрмысқа жаратып, әлеуметтік желі арқылы ағылшын тілін үйренуге машықтанып келеміз. Бұл көбіне өзге елдерге көбірек қатынайтын немесе келешекте тәжірибе жинақтап, оқимын деген жастарға мол мүмкіндік.
Абай Құнабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткен ғылыми жоба байқауында Жәудір Бақытқызы осы бағытта жобасын қорғап, жеңімпаз атанды. 10 түрлі бағытта, яғни пәндер бойынша үздік номинация иелері анықталды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті үздік ғылыми жобасы үшін төсбелгі иесі атанды.
– Менің негізгі мамандығым екі шет тілінің мұғалімі, ағылшын және неміс тілі. Ғылыми жобамның жетекшісі өзімнің кураторым – Жанна Жалайырқызы. Жобаны ойлап, оны қолданысқа енгізудің әдістерін түсіндіру оңайға соқпады. Жалпы ағылшын тілін меңгеру 4 деңгейден тұрады. Оларды үйренудің жолын телефон құрылғысына енгізілген бағдарлама арқылы жылдам, әрі түсінікті түрде игеруге болады. Байқау онлайн түрде өткізілді, бірақ қорғаған жобам озық шықты, енді осы бағытта ғылыми жобаны жетілдіре түсуді ойластырудамын, – деді жас ғалым.
Осы еңбегі үшін Жәудір дарындылығы мен оқу барысында білім, ғылымға ізденімпаздылығы үшін «Жас ғалым» атты төсбелгімен марапатталып, куәлік табысталды. Жалпы Жәудір ғылыми жобамен ғана шектелмейді, ол әдебиетке де жақындығы бар. Көбіне Абай оқулықтарын шет тілде оқу арқылы түрлі сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі оралып жүр. Ағылшын және неміс тілінде онлайн өткен жарыстарға қатысып, өнерімен дараланды. Ол қазір Назарбаев степендиясын алады. Оның өнерге жақындығы бала кезден қалыптасқан. Бұл туралы атасы Сәндібек ақсақал:
– Қызым кішкентайынан Абай өлеңдерін жаттап өсті. Ең алғаш кітапханада «Ескендір» поэмасын жатқа айтудан өткен аудандық сында бірінші орын алған болатын. Міне, ол енді Абайдың өлеңдері мен поэмаларын шет тілде меңгеріп, көптің ықыласына бөленіп жүр. Бала кезінен домбыра үйірмесіне барып, күй тартуды үйренді. Әлі де домбыра шертіп, көңілімізді көтеріп қояды. Немеремнің бағындырар белесі алда деп сенемін, – дейді ағынан жарыла.
Биыл жоғары оқу орнын бітіретін кейіпкеріміз магистуратураны Болашақ бағдарламасы арқылы Венгрияда жалғастырмақшы. Айтпақшы ол №163 орта мектебінің түлегі, алтын белгі иегері.
– Менің әпкем Мадина және сіңілім Шұғыла да шет тілі пәні бойынша үздік. Әпкем қазір мектепте мұғалім, ал сіңілім қазір Назарбаев университетіне тест тапсырып, ағылшын пәнінен өтіп тұр, енді математикадан білімін шыңдап көреді. Жалпы алғанда үшеуміздің ағылшын пәнінен санамызға білім нәрін сеуіп, осы жолда жарқын өнеге көрсеткен Қасиет Жаманқұлова апай болды. Ең бірінші, ата-әжеме, әкем мен анама және ұстазыма ерекше алғыс білдіремін, – дейді ол.
Қазірде кенттегі «Озат оқу» орталығында талапкерлерге өз білгенімен дәріс үйретіп келе жатқан жас ғалымның білім көгіндегі бағыты жарқын.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
25 наурыз 2021 ж. 788 0