№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ел азаматымен ажарлы

Ел азаматымен ажарлы


Ауданның төл газетінде жарияланған «Азаматың – айнаң!» атты мақалада елге еңбек сіңіріп жүрген жерлестер мемлекеттік наградамен марапатталғанын сүйіншіледік. 
Бұл қатарда «Парасат» орденімен марапатталған Бақдәулет Махашов ағамызды жоғары бағалау орынды. Облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі меценат Бақдәулет Еркінбекұлының елге сіңірген еңбегін жаңақорғандықтар ғана емес, Сыр жұрты да жақсы біледі. Кәсіпкер ретінде туған өлкенің түтінін түтетіп, өңірдегі бірнеше ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге үлес қосып келеді. Қаншама жұмыс орындарын құрып, ауылшаруашылық өнімдерін өндеуге дем беруде.
Ағамыз мақтау мен мадақтауға мұқтаж емес. Онымен біз мақтанғанымыз дұрыс. Неге дейсіз бе? Қазір елде бай-бағландар аз емес. Көбісі байығанның үстіне байи түссек деген ниетпен зекет-садақасын ұмытып кетеді. Ал, Бақдәулет Еркінбекұлы қайырымды істерге өзі ұйытқы болып жүреді. Ал, ондай азаматты қалай дәріптесек те жапаспай ма?
– Еңбек ескеріліп, халықтың алғысын арқалап, елдік жолда еңбек ету ең бірінші азаматтық борышым. Аймақтың аграрлы саласының даму жолында, әлеуметтің әлеуетін арттыруда қолдан келгенінше қарекет етудеміз. Кәсіпкерлік бағытта атқарылған, әлі атқарылар шаруа шаш етектен, 30 жылда жеткен жетістіктен, алдағы отыз жылда алар асуымыз биік. Тек еңбек ете білу керекпіз, қалғанын уақыт өзі таразылайды, – дейді халық қалаулысы.
Меценаттың өзге өңірлер емес, туған өлкесіне жасаған қамқорлығы, аудан экономикасының өркендеуіне қосқан үлесі қомақты. Сондықтан бір мақала шегіне осы бір қызмет жолын қысқаша келтіруді жөн көрдік. Әйтпесе, кәсіпкер көкжиегін кеңейтіп, жарқын жобалар жүйелеу монографиялық еңбекке жүк болатыны анық. Әзірге марапат төрінен көрінген тұлғаның туған жерге тіккен туын ілмекке алдық.
Шикізатты өңдеуге және өнімді өндіруге қойылатын талап күшейіп келеді. Олсыз экономикалық тұрғыда даму мүмкін емес. Бұл бағытында да ілгерушілік бар. Оның дәлелі «Жан-Арай» ЖШС басшысы Бақдаулет Мақашов «Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясына ие болды. Серіктестік жыл басынан бері 12000 тонна күріш өңдеп, оның 6000 тоннасынан астамын экспортқа шығарды. Мал азығымен қамтамасыз ету бағытында 5000 тонна құрама жем дайындады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы бойындағы (Төменарық ауылына бұры­латын тұс) «Жан-Арай» ЖШС сервистік кешенін жол бойындағы заманауи қызмет көрсететін орталыққа айналдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сервистік кешен: мейрамхана, асхана, қонақ үй, ойын-сауық орталығы, медициналық қызмет көрсету және техникалық жөндеу орны, бөлшек сауда нүктесі, қоғамдық жуыну және көлік жуу орны, автотұрақ пен май құю бекетін біріктіреді. Сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру және өндеу қоймасымен ерекшеленеді.
Алдымен облыстық мәслихаттың депутаты, серіктестік төрағасы Бақдәулет Махашов Хақназар ханның замандасы, алашқа белгілі батыр Қожамбердінің ескерткішін қойды. Оның ашылу салтанатына сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, елдің қуанышына ортақтасқаны әлі есімізде. Халықаралық жол бойындағы алғашқы ескерткіш ретінде бағаланды.
Одан кейін жеміс-жидек бақшасын дамытуды қолға алды. Бүгінде 58 гектар жерде 48 мың түп алма ағашы мен 10 мың түп жүзім тамырын тартып, діңгегін жайды.
– Қазір алма сақтау және өндеу қоймасының негізгі жұмысы аяқталды. Бірнеше айда іске қосамыз. Оған өнімді алма бағынан аламыз. 2019 жылы 10 гектар жерге алманың үш түрін еккенбіз. Биыл алма бақты тағы 50 гектарға ұлғайтып, онда алманың – «Голден», «Джонатон», «Ренет симиренко» түрін отырғыздық. Келер жылы алғашқы отырғызған алмалар жаппай өнім береді. Алда жоспар көп. Мәселен, 100 гектар жерге қызанақ, қияр, болгар бұрышын егіп, көкөніс, жеміс сақтау қоймасын салу жобамыз бар. Қызанақ өндіру, өңдеу, сақтау, сату қоймасын да іске асыруда ізденудеміз. Жеміс, көкөністі өзіміз өндіріп, облыс тұрғындарын сапалы, қолжетімді бағадағы өніммен қамту – алдымда тұрған үлкен мақсатымның бірі, – деді серіктестік төрағасы.
Бақшаға тамшылатып суару тәсілін қолданады. Алманың жапырағына, тамырына, бұтағына қажетті қоректік заттар сумен беріледі. Істің басында Түркиядан келген кәсіби маман жүргенін білдік. Ауыл халқын жұмыспен қамтуға да көбірек басымдық беріледі. Кешен толық іске қосылғанында Қожамберді, Төменарық ауылының 50-70 адамын тұрақты жұмыспен қамтиды.
– Қазір жұмыс істеймін, кәсіп дамытамын деген адамға Үкімет барлық қолдау шараын қарастырып отыр. Мұны сезініп келеміз. Алда жоспар көп. Алма өнімін өндеу мен сату және қызанақ өндірісінен бөлек, мал бордақылау алаңын салып, Қызылорда және Түркістан облысына ортақ заманауи мал базарын тұрғызуды ойластырудамыз, – деді кәсіп иесі.
Халықаралық жол бойындағы бірегей кешен туристік қозғалыстың дамуына да әсер етеді. Өйткені, сервистік кешен Сығанақ шаһары мен Көккесенеге жақын орналасқан. Яғни тарихи орындарға арнайы келген қонақтарға жайлы жағдай жасалады. Төменарық аймағындағы ауыл тұрғындары Жаңақорған, Шиелі кентіне бармай-ақ қызықшылығын осы орталықта өткізе алады. Бәрінен бұрын, сервистік кешен жол бойындағы сәулетті орталыққа айналып, алыс-жақыннан келген қонақтарға сапалы қызмет көрсететін бірігей кешенға айналады. Бұған Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің өзі жоғары бағасын беріп кеткенін білеміз.
Ауқымды жобаға қаржы салған инвестор пандемия кезінде ауылдағы ағайынға барынша көмек қолын соза білді. Қожамберді және Төменарық ауылындағы тұрмысы төмен 50 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. 2021 жылдың 6 айында «Қайырымды істер марафоны» аясында (қала, аудандарды қосқанда) 8000000 млн теңге көлемінде тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай және азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген Бақдәулет Махашовтың «Парасат» орденін алғаны қандай жарасымды?
«Жомарт жүрек» сыйлығын беру дәстүрге айналған-ды. Биылғы салтанатты шарада аудан әкімі Руслан Рүстемов «Туған өлке» номинациясын Бақдәулет Еркінұлына табыстап, ел ағасының елге сіңірген еңбегін көпке үлгі етті.
Ел азаматымен ажарлы дегендей, Бақдәулет Еркінбекұлы сынды азаматтар елдің мерейі мен ырысына айналды.
Әли ТЕМІРБЕК
25 желтоқсан 2021 ж. 303 0