Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "СКЗ-U": кент тазалығына мән береді

"СКЗ-U": кент тазалығына мән береді


Кент тазалығы – ауданның айнасы. Өйткені келген қонақ алдымен тазалыққа мән береді. Сондықтан аудан әкімі Сұлтан Мақашов осы мәселені күн тәртібінен түсірген емес. «Тазалық» ЖШС мен «Нұр-Шах» кәсіпорны мен мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар тазалыққа аса мән беруде. Осындай іске ұйытқы болып, кент тазалығына демеу болып жүрген «СКЗ-U» ЖШС кәсіпорнын көпке үлгі етуге болады. Көктем-күз айларында «Самара-Шымкент» ескі жол бойын тазалау жұмысын жасайтын мекеме биыл да осы үрдісті қолға алды.
– Ауданның тазалығына тек осында қоныстанған тұрғындар ғана емес, ауасын жұтып, суын ішіп, нәпақасын тауып жүрген әрбір азамат жауапты. Сондықтан басшылық бізге осындай міндетті жүктеді. Апта сайын болмаса да ай сайын ескі «Самара-Шымкент» ескі жол бойындағы қоқыс аумақтарына тазалық жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Наурыз айындағы алғашқы тазалық жұмысына 25 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды, – деді «СКЗ -U» ЖШС бас директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Сәулебек Дүйсебеков.
Жаһан жұртын әбігерге салған тәжвирусынан сақтанудың бірден-бір тазалыққа мұқият болып жүру дейді медицина қызметкерлері. Сондықтан мекеме жұмысшылары тазалыққа көбірек мән беруде. Аудандағы қайырымдылық шараларына қолғабыс жасап, Кейден ауылының ауыз су мәселесін шешуге ықпал еткен өндіріс орны төл басылымның таралымының да артуына да үлесін қосып келеді. Жылына қуаттылығы 500 мың тонна шикізат өндіретін «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауытында еңбек ететін 270-тен аса қызметкердің 65-70 проценті жаңақорғандықтар. Туған өлкенің қадірін ұғынып жүрген мекеме қызметкерлері көпке өнеге болуда.
Өндіріс орнына барар жолдың бойында кейде қоқыс көп шоғырланғанын көруге болады. Бұл елді мекендерден келетін қоқыс емес, кент тұрғындарының салғырттығынан екені сөзсіз. Әрине ауыр айту мақсат емес, дегенмен «өзім дегенде өгіз қара күшім бар» дегенді қою керек. Қайта сәл болса да кент тазалығына көбірек мән берген абзал болады.
        
Ерлан АБДРАСИЛОВ
02 сәуір 2020 ж. 653 0