Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ»

«ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ»

Ауданға танымал меценат, ауданның Құрметті азаматы  Пахриддин Тұрғанбаевтың өңірдіңәлеуметтік-экономикалық жағдайының артуына қосқан үлесі қомақты. Ол 1986 жылдан бастап аудан халқын қатты отымен қамтамасыз етіп келе жатқанын ел жақсы біледі. Одан өзге  аудан орталығында үш монша және бір құрылыс заттары дүкені ел игілігіне қызмет етіп келеді.
Айрықша айта кететіні, үш монша да қарттарға тегін қызмет көрсетеді. Кәсіпкер үшін биыл табысты жыл болды. Жыл басында «Ипподром» аумағынан «Белес» атты қоғамдық моншасын іске қосты. Сәтін салса, кент орталығында тағы да қос қабатты ғимаратының құрылысы қарқынды жүруде. Ал кәсіпкердің иелігіндегі «Ақсу» моншасы қайта күрделі жөндеу жұмысынан кейін 2020 жылы пайдалануға беріледі. Міне, келер жылдан көп үміт күтіп отырған Пахриддин ағамыз «Жыл меценаты» аталымына әбден лайықты. Өйткені, жомарттыққа жаны құмар кәсіпкер ағамыз қашанда қайырымдылық акцияларынан қол үзген емес. «Оң қолың берген садақаны сол қолың білмесін» деген аталы сөзді ұстанған ел ағасының демеуін сезінген отбасылар жетерлік. Оның елге еткен елеулі еңбегі еленіп, 2016 жылы Ататүрік халықаралық қоғамдық бірлестігінің атаулы орденін кеудесіне таққан.
01 қаңтар 2020 ж. 636 0