№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жомарт жүрек – елге тірек

Жомарт жүрек – елге тірек


«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бағыты – туған жерге құрмет көрсетіп, отаншыл тұлғаларды дәріптеу. Әсіресе, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани даумуына үлес қосып жүрген азаматтарды үлгі ету.
Қазақта «ауылына қарап, азаматын таны» демей ме, міне, сондай қоғамшыл жандарға құрмет көретіп, төрге оздыру – еңбектің еленгені. Осы мақсатта ауданда жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлерін салтанатты құттықтау рәсімі өткізіліп келеді. Аудан әкімі Руслан Рүстемов осындай игілікті шарада бірнеше номинация иесін төрге оздырып, арнайы марапаттады.


Марапат биігінен көрінген азаматтардың жеткен жетістігі, елдік ұстанымы аудан халқына, Сыр еліне танымал. Оларды жас ұрпаққа үлгі етіп, қайырымдылық, меценаттық және мейірбандық идеяларын танымал етуді мақсат еткен аудан басшысының шын жүректі ілтипаты төмендегідей өрілді:
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының негізінде түрлі бағдарламалар жүзеге асып келеді. Оның ішінде, туған жерге тағзым жасап, кіндік қаны тамған топырақты түлетіп, оны аялап, қамқор болу әрбір азаматқа парыз саналады. «Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз» деген нақыл бар емес пе, сондықтан туған өлкенің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарға ел алғыс айтады. Біздің аудан да осындай биік тұлғалардан кенде емес. Тек қазба байлығымызбен ғана емес, еңсесі биік тұлғалармен де мақтана аламыз. Сондықтан туған жердің қасиетін қастерлеп, құрмет тұтып жүрген жандарды жылда марапаттап, биік мінберге шығаруды дәстүрге айналдырдық. Туған жерге туын тігіп, ауданның даму жолында тамшы тер төгіп жүрген азаматтарға осылай ілтипат білдіріп, алғыс айту біздің міндет. Ең бастысы, өскелең ұрпаққа берекелі ісімен өнеге болып жүрген аға буынның қатары көбейіп келеді. Оны кешегі індеттің алауы өршіп тұрған сәтте дәрігерлерге демеу болған жігіттерден көрдік. Ел аман, жұрт тыныш болсын, – дей келе марапат иелерін марапаттады.
«Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Қызылорда азтонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің атқарушы директоры Ысқақ Жанкелдіге табысталды. Жалпы Жанкелді Ойшыұлының атқарған қызметі, ел үшін жасап жатқаны еңбегі өте зор. Соның бір парасы аудандық ардагерлер ұйымына үнемі болысып жүретіні, жылда 200000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіп, газетке жазылуына демеушілік жасайды. Жақында Ауған соғысына қатысқан Жаңақорғандық жауынгерлер туралы «Борыш» және ақын, жазушы, этнограф, өлкетанушы Адырбек Сопыбековтың «Адырбек» атты кітаптың шығуына ықпал етті. Одан бөлек, қаншама білім ордасының салынуына мол мүмкіндік туғызды.
– Елге, туған жерге осылай еңбек ету әрбір азаматтың борышы, әсіресе, сыртта жүріп, шама жететін жандардың осындай игі істерге мұрындық болып жүргеніне қуанамыз. Мақсатқа жету жолында қаншама еңбекті сарп етсек, туған өлкені алға дамыту жолында осындай қажыр-қайрат керек. Біздің еңсемізді тіктейтін елдің алғысы, осы жолда әрі қарай жұмыс жасай беретенімізге кәміл сенемін, – деді Жанкелді Ойшыұлы.
Иә, елге болысып, жығылғанға демеу, сүрінгенге тіреу бола білетін абзал азаматтардың тұғыры биік қашанда. Олар мақтау мен марапатқа мұқтаж емес, алайда, алқалы елдің алғысын арқалану да азаматқа бір мәртебе. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Жан-Арай» ЖШС-нің директоры Бақдәулет Махашов «Туған өлке» марапатына ие болды. Бақдәулет Еркінбекұлының аудан келешегі үшін жасап жатқан еңбегі елеулі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралы бойынан Қожамберді батырдың ескерткішін орнатып, қазір сол ескерткіш аумағынан 10 га жерге тамшылап суару әдісімен 35000 алма көшеттерін отырғызды. Қосымша 30 га жерге кеңейту жұмыстары жүргізіліп, осы аймақта «В» санатындағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен жеміс-жидек сақтайтын қойма салуда. Жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылып отыр. Қожамберді және Төменарық ауылдарындағы тұрмысы төмен 50 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетті. 2021 жылдың 6 айында «Қайырымды істер марафоны» аясында (қала, аудандарды қосқанда) 8000000 млн теңге көлемінде тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай және азық-түлік ретінде көмек жасаған.
«Жылдың үздік ұйымы» атанған «Шалқия Цинк» ЛТД АҚ алды. Шалқия кентінен 169 млн теңгеге жаңадан саябақ салып берсе, 25 млн теңгеге кенттегі электр желілері мен трансформаторларды жаңарту жұмыстарын жүргізген. Көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға мереке қарсаңында тұрақты түрде 150 мың теңгеге сыйлықтар үлестіріп келеді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды азық – түлікпен қамтамасыз (200 мың теңге) еткен. Құттықожа мазаратының шырақшысына жаңадан үй салып, әулиеге барар жолға тас төсеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, «Шалхия Цинк ЛТД» АҚ Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 38 млн теңгеге 2 дана өкпені жасанды желдету аппаратын (ИВЛ) алып берген.
«Жыл меценаты» Төлегенов Бақытжан кәсіпкердің еншісінде. Төлеген Берістемұлы аудандық мәслихат депутаты, «Өзгент – С» шаруа қожалығының төрағасы. Өзгент ауылындағы тұрмысы төмен 20 отбасыға 400 000 теңге қаржылай көмек берсе, баспанасы өртке оранған С. Абдиқожаевтың отбасына шаруақожалығындағы техника және жұмысшыларымен, одан бөлек 500.000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Қарттар күніне орай ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға 10 қап күріш пен 100 000 теңге үлестірген. Ауыл тұрғыны тұрмысы төмен А. Ашимовтың отбасына баспана соғу жұмысына 100 000 теңге, тыл ардагеріне 100 000 теңге қаржылай көмек берген. Б. Төлегенов Өзгент ауылындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және өзгеде іс-шараларға тұрақты түрде көмек беріп келеді.
Төлепберген Әбдірашев атындағы №239 мектептің химия пәні мұғалімі Жаппарова Роза Әбдіхалыққызы «Жыл тұлғасы» жүлдесіне ие болды. Ұстаз 1990 жылдан бастап Т. Әбдірашев атындағы №239 мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Шәкірттері кіл озат, білімімен көзге түсіп жүр. Соның дәлелі, оқушысы Артық Тұрсынбек биыл ҰБТ-дан 135 балл алды. 2017 жылы «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасымен» марапатталған, химия пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц-турнирдің жеңімпазы.
Міне, жомарт жүрек жаңақорғандық жерлестердің ел алдындағы ерен еңбегінің бір парасы осылай көрінді. Бұдан да биіктерден көрініп, ауданның дамуына әлі талай еңбек сіңіреді деген сенімдеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
31 шілде 2021 ж. 575 0