Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Азаматың – айнаң!


Марапат – тұлғаның мерейін асырады, тұлға – марапаттың дәрежесін көтереді. Сондай оқиғаға облыс орталығының төрінде өткен салтанатты жиында куә болдық. «Халық қаһарманы» Тохтар Әубәкіровке «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы Тәуелсіздік күні қарсаңындағы алқалы жиында табысталды. Тарихи сәтте жиылған қауым тұрып қошеметтеп, зор ықылас-ниет танытты. Адам рухын асқақтатқан мерекелік шарада қызылордалықтардың жанарынан «қуаныш жасы» тамып, шынайы қуана алды.


Одан бөлек, трансшекаралық өзен­­­дерге, оның ішінде Сырдария су­ы­­­на ерекше еңбегі сіңген атақты мұ­раб, бүгінгі күні Қазақ суы саясатын құру жолында аянбай білім, білігі, тәжірибесін қалтқысыз арнап жүрген Нариман Қыпшақбаев пен елдің сөзін биік-биік мінберлерде сөйлеп, мемлекеттік мұрат жолында аянбай еңбек етіп жүрген сенатор Мұрат Бақтиярұлына да осындай құрмет көр­сетілді.
Иә, Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан азаматтары мемлекеттік наг­радамен марапатталып, сүйінші жаңа­лықтар көбейе түсті.
Бұл қатарда «Парасат» орденімен Бақдәулет Махашов наградталғанын айту керек.
Облыстық мәслихаттың депутаты Бақдәулет Еркінбекұлының елге сің­ір­ген еңбегін жаңақорғандықтар жақ­сы біледі. Кәсіпкер ретінде бір ауданның ғана емес, Сырдың бірнеше ауданының әлеуметтік-эко­номикалық әлеуетін көтеруге үлес қосып, жұмыс орындарын құрып, ау­ыл­шаруашылық өнімдерін өндеуге дем беріп келеді. Бүгінде «Жан-Арай» ЖШС «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының Төменарық ауылдық ок­ругіне бұрылатын тұсында сервистік кешен құрып, қомақты инвестиция құйды.
Тағы бір қуантарлық жаңалық – елге бел­гілі кинорежиссер Қа­ли­ла Омаровқа «Құрмет» ордені табыс­талды. Ұлттың тарихын танып, елдік жолда қызмет еткен ерлерді ұлықтауда Қалила Нематұлының сіңірген еңбегі мол. Әсіресе, оның алаштану іліміне қосқан үлесін ерекше атау керек. Ұлт рухы мен мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген доку­менталист, кинорежиссердің мем­ле­кеттік орденді алуы өте құптарлық іс.
Аудандық мәслихаттың депутаты Әлібек Нәлібаевтың омырауында «Құрмет» ордені жарқыраса, ау­дан­дық мәслихат депутаты Серік Мыр­забаевке «Ерен еңбегі үшін» ме­далі табысталды. Ауданның өсіп-өр­кен­деуінде бұл екі азаматтың өзін­дік орны бар. Бүгінде Әлібек Мәшбекұлы мен Серік Абдужаппарұлы ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласының даму жолында еңбек етіп, қайырымдылық істерімен көпке үлгі болып жүр.
«Шапағат» медалімен аудандық аурухананың бас дәрігері Яхия Шо­рабаев марапатталды. Жер-жа­һан­ға коронавирус тарап, елде ка­рантиндік жағдай жарияланып, елдің амандығы үшін медицина мамандары жауапкершілікті алған кезде Яхия Қадірбекұлы аудандағы жағдайдың тұрақталу жолында атқа мініп, қалтқысыз еңбек етті.
Азаматың – айнаң демей ме? Яғни біз елдік істе белсенді, беделді, білікті, білімді азаматтармен мақтанамыз. Сол тұлғалардың тұғырлы орны Тәуелсіздік күні қарсаңында лайықты бағаланып жатқаны қуантты.

ТҮЙІН. Мақала басында айтқандай, мемлекеттік наградалар мен тұлғалар бір-бірін толықтырып, жарасып-ақ тұр. Солай емес пе, қадірлі оқырман!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
14 желтоқсан 2021 ж. 739 0