№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елді мекендерді газдандыру бағдарламада бар

Елді мекендерді газдандыру бағдарламада бар


Қазір ауылдағы ағайын газ келіп, тұрмысымыз жеңілдейді деп қуанып жүр. Әсіресе Төменарық, Сүттіқұдық, Қожамберді, Сунақата ауылының тұрғындары биыл газдың келетініне сенімді. Сонымен қатар белгілі кәсіпкер, меценат, облыстық мәслихаттың депутаты Бақдәулет Мақашевтың "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолының бойында салып жатқан сервистік кешенімен көгілдір отынның қоса келерін алға тартады. Әрине ауылға газ келсе қуанамыз. Ондай жаңалықты естісек, алдымен сүйіншілейтін едік.


Мұның нақты жауабын облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың Жаңақорған ауданына жасаған сапарында білдік.
Толғандырған сұрақты өзгент­тіктер қойды. Алдымен Сырдария, Жалағаш, Қармақшы сынды аудан орталықтары газбен қамтылады, содан кейін ғана елді мекендерге кезек келетіні айтылды.
Осыдан тура төрт жыл бұрын "Ғасырдың ғаламат оқиғасы" деген мақала жазып, газдың келгенін сүйіншілеген едік. Тарихи сәтте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның бас директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлы газ тоқтаусыз берілетінін айтқан. Ол сөзінде тұрды. Қазір Жаңақорған кентінде газбен қамтылғандар саны 93 процентке жетті. Тек бірлі-жарым қиылыстар мен кейбір көшелерге әлі толық газ келген жоқ. Ең өкініштісі, газға уақтылы төлем ақысын төлемейтіндер саны артты. Қазір жаңақорғандықтар 49 миллион теңге қарыз. Газды ұрлап жағатындар да жоқ емес. Осындай келеңсіздіктерді газды жүргізетін инвестор компания алдын ала есептейтіні сөзсіз. Әрине, бізге сана мәдениетін оздырып, халықтың тұтынуына берілген илігікті дұрыс пайдалануды үйрену керек.
Айтқандай, былтыр аудан әкімі Сұлтан Мақашовпен бірге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойында бой көтерген шипажай ғимаратына бардық. Бөрітескен көлінің батпағы негізінде құрылатын шипажайдың құрылысын жүргізіп жатқан «Orda Сығанақ» ЖШС құрылтайшысы Асқар Ибрагимов құрылыс алаңына жол бастап, заманауи сауықтыру орталығымен таныстырды. Құрылтайшы бір сөзінде Жаңақорған кентінен газды өзі қазып әкелетінін айтып, газ таратушы мекемеден рұқсат сұрағанын, бірақ мердігер компания келісім бермегенін айтты.
Яғни газдандыру жұмысы жоспарға сай жүргізілетін жұмыс. Ауылдар газбен ертерек қамтылып, ауылдағы жұрт газдың игілігін тезірек көргенін құптаймыз...
Газдандыру әлеуметтік саясат. Бәсекеге қабілетті елдердің критериін анықтайтын әлеуметтік мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу жолында елді мекендердің газбен қамтылуы жүргізілетіні анық. Алайда оған уақыт керек.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
04 ақпан 2020 ж. 670 0