№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапалы қызмет – негізгі міндет

Сапалы қызмет – негізгі міндет


Төменарық ауылдық округінде қоғамдық монша пайдалануға берілді. Моншаның құрылысын ауыл тұрғыны Евгений Метелев жүргізіп, «Дария» деген атау беріпті.
Ол Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалының қолдауымен Өңірлік инвестициялау орталығынан 10 миллион теңге несие алады. Қазіргі таңда моншаның құрылысы бітіп, халыққа қызмет көрсетуде. Евгенийдің қарамағында үш адам жұмыс істейді.
Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Төменарық ауылына жұмыс сапары барысында осы нысанмен танысып, игі тілегін жеткізді.
– Евгенийді 10 жылдай уақыттан бері танимын. Елордаға бірге сапарлас болдық. Сонда жол бойы қазақтардың өзіне таза сөйлеуді үйретіп барғаны есімде. Өте еңбекқор, елжанды, патриот азамат. Моншаны перзентінің есімімен атаған екен, болашақта қызы әкесінің атын шығара берсін. Бастап жатқан кәсібіне табыс тілеймін. Евгений сынды азаматтар ауылдан табан аудармай, елдің дамуына үлес қосып отырса, ел берекесі кірері анық, – деді ол.
Евгенийдің бұл жобаны жасауына бес жыл отасқан жары Жансаяның да көмегі тиген екен.
– Моншаның құрылысына 6 пайызбен несие алдым. Осылай бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып еңбек етсек өнбегімізде көп болмақ. Жалпы халыққа сапалы қызмет көрсету негізгі міндетіміз, – дейді кәсіпкер.
Жалпы түсетін орынға 500 теңге, жеке кабинкаға 1000 теңге төлеп түседі. Сондай-ақ саунасы да іске қосылды.
Бүгінде ауыл тұрғындары игілікті іске дән риза екенін білдіріп жүр. Соның бірі – Алмат Ергешбаев.
– Тазалық – саулықтың негізі десек, әр ауылға осынша қоғамдық монша керек. Аптаның жеті күні қызмет көрсететін орталықтың жұмысы жүйеленіп, халыққа сапалы қызмет көрсете берсін, – деді ауыл азаматы.

Рауза ӘЗІЛХАН
12 желтоқсан 2021 ж. 283 0