» » Төменарықтың тұрмыстық деңгейі қалай?

Төменарықтың тұрмыстық деңгейі қалай?


Біз мұны неге сүйеніп айттық, өйткені әкім есебінде ауыл тұрғындары бірде-бір сауал қоймады. Әкім жұмысына көңілі толған Төменарық тұрғындары Нұркен Қошқарбековке әлі де болса шыңдала түсу керектігін жеткізді. 5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда 2019 жылы қандай тындырымды тірліктер атқарылды? 2020 жылы қандай жоспар бар?
Бұл елді мекеннің басты ерекшелігі – тоғыз этностың басын қосқан берекелі ауыл. Ең бастысы, аяқ су мен ауыз судың мәселесі толық шешімін тапқан. 2019 жылы округ бойынша өз кәсібін бастау үшін 15 жас қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген. Бүгінде олар шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Сонымен қатар, 5 азамат 252 500 теңге қаржы көлемінде мемлекеттен грант жеңіп алды. Былтыр мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында құрылысы басталған спорт кешенінің құрылысы биыл көктем мезгілінде толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
Ауылдық округтегі жергілікті салықтардың түсімі және орындалуы жақсы нәтиже көрсетуде. Мүлік, жер, көлік және табыс салығы межеден аса орындалған.
Айта кететіні, 2020 жылы Сунақата, Екпінді, Еңбек және Төменарық ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба сметалық құжатын әзірлеуге аудандық бюджеттен 40 миллион теңге бөлінеді. Енді жоба іске асса онда Төменарық ауылдық округінде ауыз су мәселесі жойылады.
25 қаңтар 2020 ж. 519 0