№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «СКЗ-U»-ДА ӨТКЕН СПАРТАКИАДА

«СКЗ-U»-ДА ӨТКЕН СПАРТАКИАДА


«СКЗ-U» ЖШС-де жекелей және командалық спорт түрлерінен спартакиаданы жоғары деңгейде атап өтті. «Наурыз» мерекесі аясында кәсіпорынның ұйымдастырған спартакиадасына қызметкерлер белсенділік танытып, мекеме дайындаған жүлде жолында тартысты. Бұқаралық спортқа ден қойған ұжым жылдағы дәстүрмен спорттық жарыстарды жиі өткізіп тұрады.
Сонымен, көптен күткен спорттық аламанда басталды. Алдымен, «СКЗ-U» ЖШС бас директоры Мәдіхан Бекжанов кәсіпорын қызметкерлерін «Наурыз» мейрамымен құттықтап, 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебін жасады. Әрі, 2018 жылға жұмыс жоспарын айтып өтіп, спартакиаданы ашты. Арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күрес, женіл атлетика, шағын футбол, теннис және шахматтан қызметкерлер бақ сынады. Ал, командылық сайысқа кәсіпорынның бөлімшелерінен құрылған жеті команда өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша, жалпы командылық бірінші орынды «Механикалық қызмет» командасы иеленсе, екінші орынға «Энергоқызмет» тұрақтады. Ал, үздік үштікті «Күкірт қышқыл цехы» командасы қорытындылады. Жекелей сында да жеңіс тұғыранан көрінгендер жүлдесіз қалмады. Шахматтан женімпаз автоқызметінің жүргізушісі Н.Буженов, қол күрестен жүйелік әкімші Е.Әбдрейм мықты шықты.
Жалпы, сайыс женімпаздары кубок, грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
24 сәуір 2018 ж. 923 0