Соңғы жаңалықтар

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Мектептердегі мереке

Мектептердегі мереке


Ұлыстың ұлы күнін ауданның 42 мектебі де жоғары деңгейде атап өтті. Оның ішінде, аудандық газетке №160, №55, №239, №86, №53, №184, №245, 194, №163 және 169 орта мектебінен хаттар келіп түсті. Онда мектеп шараларының бағдарламасында арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі, волейбол, футбол, шахмат ойындарының жеңімпаздары анықталып, марапатталғаны көрсетілген. Наурыз мерекесіне орай №160 орта мектебінде оқушылар арасында «Қош келдің, əз Наурыз» тақырыбында Ұлыстың ұлы күніне іс-шара ұйымдастырылды.
Бар тіршілікке жан бітіріп, жан-жануарларды түлетіп, табиғат пен адамзат баласына бірдей қуаныш сыйлайтын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №55 С.Қожанов атындағы мектептің кітапханасында «Наурыз – мерекем, Наурызым – берекем»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында ұлттық салт дəстүр мен əдет-ғұрыптар жайлы əдебиеттер насихатталып, ұлттық ойын, ұлттық тағамдар жайлы оқырмандарға мағлұматтар берілді. №3 мектеп-интернатында әр сынып мерекелік шара ұйымдастырып, қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртты. №192 мектепте өткен шараға ата-аналар ризашылығын білдірді. «Әжем айтқан ертегі», «Наурыз – думан», «Армысың, әз-Наурыз» тақырыбындағы шаралар көпшіліктің көкейінде қалды. №221 орта мектептің оқушылары әзірлеген «Төрлет, әз мереке» шарасы көрерменге жол тарты.
27 наурыз 2018 ж. 1 822 0