№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БІРЛІГІ БЕКЕМ БІРЛІК

БІРЛІГІ БЕКЕМ БІРЛІК


Бірлік ауылында жылдағы дәстүр бойынша Ұлыстың Ұлы күні кең көлемде атап өтілді.Наурыз мерекесін Бірлік халық театры дайындаған сахналық қойылымымен ашылды. Сонан соң Ақүйік ауылдық әкімшілігінің бас Е.Кешубаев,ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Асанов,ауыл ақсақалы Ж.Сейітовтер ақ тілегі мен құттықтауларын айтып тойды ашып берді.Ауыл имамы Е.Исаханов өлі әруақтарға құран бағыштады.Биылғы жылы Наурыз мерекесін ұйымдастырушы 1983-1984жылғы ауыл жастарының қалауымен У.Ибрагимовтың Бірлік ауылына арнап шығарған әнұраны орындалды.

Мың бұралған биімен,әсем сазды әнімен түрленген Наурыз мерекесін 1984жылғы қыз-жігіттердің аналары дайындаған "Аналардың ақ тілегі" атты А.Есіркепова дайындаған сахналық көрінісіне жиналған көпшілік ризалықпен қол соқты.
Ауылдағы барлық мекеме ұжымдары киіз үй жабдығы,ұлттық дастарқан мәзірі,ұлттық киіммен сахналық көрініс бойынша өзара сайысқа түсті.Комиссия мүшелерінің шешімімен №55 С.Қожанов атындағы орта мектеп ұжымы мен №7"Қызғалдақ" бөбекжай ұжымдары 1-орын,керемет дастарқан мәзірін дайындаған ауылдық әкімшілік ұжымы мен емхана ұжымдары сый сияпаттармен марапатталды.
Наурыз мерекесін ұйымдастырушылар Бірлік ауылындағы ҰОС ардагері Н.Құрбановқа,ең жасы үлкен апамыз Айымжан апайға,Ауыл өмірінде белсенділік танытқан,еңбегі сіңген тұрғындарға,курестен облыстық турнирге қатысып жүрген қыздарға арнайы сыйлықтар табыстады.21 наурызда өткен кіші футболдан жүлделі орын алған командаларға жүлделерін беріп,гир көтеру,бұқа тартыс,қол куресі,бағанаға өрмелеу,арқан тартыс сияқты ұлттық ойындар ойнатылды.
Ауыл ақсақалдары А.Оштанов пен Б.Нұрсұлтанов ақ баталарын беріп,ең кішкентай қатысушы Әлимансур Мәжит ұлттық киімі үшін сыйлық алды.
5 киіз үй тігіліп,арнайы бастырма халыққа қызмет жасады.Жекелеген кісілермен қатар барлық мекемелер наурыз көже дайындап,ұйымдастырушылар 5 қазан палау пісірді.
Дәстүрлі Наурыз мерекесін тай бәйге,тоқ бәйге,салым сияқты ат спорты қорытындылап,түстен кейінгі 17-ден өте тарқағанауыл тұрғындары мен мереке қонақтары жоғары дәрежеде ұйымдастырылған деп баға берді.Наурыз мерекесін 23наурызда өткен көшет отырғызу акциясы қорытындылады.
27 наурыз 2018 ж. 1 643 0