Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ГРАНТ – КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ҚОЛДАЙТЫН ТЕТІК

ГРАНТ – КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ҚОЛДАЙТЫН ТЕТІК


ХІХ ғасырдың соңында қазақ халқын өзге жұртпен бейбіт өмірдегі бәсекелестікке үндеген хәкім Абайдың ғақлия сөзі өз мәнін жойған жоқ. Қайта маңызы еселеп арта түсті. Өйткені, ХХІ ғасыр бәсекеге қабілеттінің заманына айналды. Ал, бәсеке алаңында іскер, епті және интелектісі мықты болса ғана асық алшысынан түседі. Осы ретте, мемлекет адам капиталын дамытуға басымдық беруде. Әсіресе, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауда. Бұл Елбасының Жолдаулары мен бағдармаларында көрініс табуда. Биыл облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялап, қомақты қаржы қарастырды. Осылайша кәсіпкерлерді қолдайтын тетіктер анықталды. Соның бірі – мемлекеттік гранттар. Жақында ғана, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік гранттарға конкурс жарияланған болатын. Бұл жөніндегі ақпараттарды ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысы Қаржыбек Бүркітбаевтан білдік.
– Мемлекеттік гранттар бірыңғай бизнесті қолдау және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін беріледі. Ағымдағы жылдың сәуір айының 19-нан, мамыр айының 15 дейін үміткерлердің өздерінің бизнес-жобаларын ұсынуға мүмкіндігі бар, – деді бөлім басшысы.
Конкурсты ұйымдастырушы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы. Сала басшысының сөзінен белгілі болғандай, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде берілетін мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға қайтарымсыз негізде беріледі. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асырушылар да қаржы ала алады. Конкурс ашық негізде өтетіндіктен кез келген кәсіпкердің қатысуына мүмкіндігі бар. Ол үшін жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі мемлекеттік қолдау алу үшін өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын қайта тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болуы керек.
Қаржыбек Тәжібайұлы конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттар дайындау керектігі жөнінде толығырақ тоқталды.
– Біріншісі, мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім. Екіншісі, заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі. Үшіншісі, өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама. Төртіншісі, өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама. Бесіншісі, бизнес-жоба. Алтыншысы, бағдарламаның және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі. Жетіншісі, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар. Сегізіншісі, кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығы бар сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған). Міне, құжаттарды толық дайындаған дара кәсіпкер грантқа қатысуға мүмкіндігі бар, – деді сала басшысы.
Сонымен қатар, конкурсқа өтінімдерді беру 2018 жылдың 19-сәуірінен басталып, 15-мамыр күні аяқталатыны белгілі болды. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қабылданбайтынын жеткізді. Брифинг соңында, Қаржыбек Бүркітбаев конкурстық құжаттаманың толық шарттарымен танысқысы келетін ынталы кәсіпкерлер болса, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында https://e-kyzylorda.gov.kz сайтынан танысуға болатынын хабардар етті.
Иә, бұл өз кезегінде кәсібін кеңейткісі келіп, не ойда жүрген бизнес-жоспарын жүзеге асыруға қаржы таппай жүрген ынталы кәсіпкерлерге мемлекеттің жасап отырған үлкен қамқорлығы.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
21 сәуір 2018 ж. 1 403 0