Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстанға келесі апта Pfizer вакцинасы жетеді

Қазақстанға келесі апта Pfizer вакцинасы жетеді

 
 Келесі аптада Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
«Осы жылдың 8 мен 14 қарашасы аралығында Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде. Көлемі – бұған дейін жарияланған келісімшарттағы міндеттемелерге сәйкес келеді. Бұл 2 миллион адамға 4 миллион вакцина», – деді Шоранов үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
Вице-министр қазір өңірлермен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басқа вакциналар сияқты, Pfizer әр өңірге халық санына қарай бөлінеді.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер салдыра алады
04 қараша 2021 ж. 719 0