№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет екі жыл сақталады

«Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет екі жыл сақталады

«Спутник V» вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жыл сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.
1 ақпанда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы егіле бастады.
«Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрағанын хабарлады. Бұған қоса, «Спутник» вакцинасын алғаннан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталатыны дәлелденді. Вакцина коронавирустың жаңа «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдарына да тойтарыс бере алады», – деді Қиясов онлайн брифингте. Ол вакциналау кезең-кезеңмен жүргізілетінін атап өтті.
Ең алдымен, медицина қызметкерлері, кейін педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері егіледі.
04 ақпан 2021 ж. 710 0