Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина екінші рет салына ма?

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина екінші рет салына ма?

Қазақстанда әзірге коронавирусқа қарсы ревакцинация жүргізу жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

«Министрлік вакцина әзірлеушілерден ревакцинация туралы ешқандай ресми ақпарат алған жоқ. Бұл ұсынымдарды бізге жіберсе, біз міндетті түрде қарап, талқылап, арнайы тәуелсіз комиссияда қарастырамыз. Ал қазіргі таңда бізде ревакцинация жөнінде ешқандай мәлімет жоқ», – деді Шоранов онлайн брифингте. Ол әлем ғалымдары жарты жыл бойы осы мәселемен айналысып жүргенін атап өтті.
Айтуынша, соңғы апталарда елде вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Күн сайын республикада орташа есеппен 80 мыңнан 100 мың адамға дейін вакцина салғызады.
Мәселен, 7 шілде күні 113 мың қазақстандыққа бірінші компонент егілсе, екінші компонент 48 мың адамға салынды.
08 шілде 2021 ж. 915 0