№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакциналау: тәжірибе мен тағылым

Вакциналау: тәжірибе мен тағылым


Адамзат дамудың жаңа жолын іздеп жүргенінде коронавирус төтеннен келіп, арман-мақсатты басқа бағытқа бұрды. Қазір ғалымдар мен ел басшылары індетті тоқтатуды мұрат етуде. 2019 жылы басталған коронавирус әлемнің 163 миллионнан астам тұрғынына жұғып, оның 3 миллионнан астамы көз жұмды. Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын вирусты тоқтатудың бір-ақ жолы бар, ол – вакциналау. Бүгінде әлем елдері коронавирустан қорған болатын вакцинаны егуге жаппай көшті.


ВВС ақпарат агенттігінің мәлім­деуінше, 100-ден аса елдің 1,2 миллиард тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырды. ДСҰ ең бірінші Pfizer и BioNTech компаниясының вакцинасын мақұлдаған екен. Әлемнің көп елдері вакцинаның осы түрін таңдапты.
Жер-жаһандағы елдердің ара­сында вакциналауды сәтті жүргізген елдің бірі – Израиль. Иә, бұл ел вакциналауды толық аяқтап, енді 12 жастан асқан жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы екпені еге бастады. Дерек көздеріне қарағанда, Израильде вакцина салдырғандарға арнайы төлқұжат беріледі. Олар төлқұжатсыз сауда орындарына, жұмысқа және т.б жерлерге бара алмайды. Жалпы израилдіктердің 60 пайызы вакциналанды.
Жапония 65 жастан асқан тұрғындарға екпе салуды бастады. Олардың саны 36 миллионға жуықтайды. Егде жастағы тұрғын­дардың көптігіне байланысты вак­циналау орталықтары ауруха­наларда, сондай-ақ қоғамдық орындар мен стадиондарда да ашылды. Жапонияда жаппай екпе салу науқаны ақпанның ор­та­сында басталған. Осы күнге дейін препаратты тек медицина қызметкерлері алып келді.
Коронавирустан қатты жапа шеккен Үндістан вакциналауды қарқынды жүргізуге мүдделі. Содан болар 85 күнде 100 миллион доза вакцина салынып, әлемде рекорд орнатты. Салыстыру үшін айта кетейік, америкалықтар мұндай көрсеткішке 89 күнде, ал қытайлықтар 102 күн ішінде қол жеткізген-ді. Билік бұл қарқынды әлі де арттырмақ. Елде вакциналау фестивалі өтіп жатыр. Шараның мақсаты – халықты коронавирусқа қарсы вакцина алуға ынталандыру.
Жексенбі күні жаппай екпе егу науқаны Египетте де басталды. Мысырда қытайлық Sinopharm компаниясының вакцинасы салы­нып жатыр. Екпені алғашқы болып медицина қызметкерлері қабылдады. Кейін қарт кісілер мен созылмалы ауруы бар тұрғындарға егіледі. Ереже бойынша арада 21 күн өткеннен кейін препараттың екінші дозасы салынады. Мысыр билігі алдағы уақытта AstraZeneca, Pfizer мен BioNTech вакцинасын да енгізбек ниетте. Әзірге тиісті құжаттар мақұлданып жатыр.
Германия астанасында коро­на­вирусқа қарсы вакцина сал­дырған тұрғындар музейлерге, галереяларға, сән салондары мен дүкендерге емін-еркін бара алады. Қазір елде мәдени шараларға және азық-түлік сатпайтын дүкендерге кіру үшін тұрғындардың қолында вирусты жұқтырмағаны туралы тест анықтамасы болуы тиіс. Талап саудаға кері әсерін тигізген. Дүкендерде адам қарасы азайған. Бірақ вакцина салдырғандар туралы заң алдағы жексенбіде күшіне еніп, елдегі ахуалға оң әсер ететініне үміт зор. Тек басты талап – азаматтар Еуроодақта бекітілген екпелердің бірін салдыруы тиіс.
Германияда учаскелік дәрігерлер мен вакциналау орталығының қыз­меткерлері бір күнде 1 миллион адамға екпе салды. Бұл жаңа рекорд. Бұған дейін елде вакцинаның бірінші дозасын 21 миллион адам, екінші дозасын 6 миллион тұр­ғын алған. Енді шетелден келсе, оқшауланбауына болады.
Францияда алдымен 70 жастан, сосын 65 жастан асқан тұрғындар вакциналанды. Бүгінде 50-55 жас­тан асқан франциялықтар екпе алуда.
Әлем елдері жаппай вакци­налауға көшті. Біз әлем елдерінің вакциналаудағы тәжіри­бесі мен тағылымын сөз еттік. Ал, бізде вакциналауға байланысты бос сөз әлі көп...

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
18 мамыр 2021 ж. 590 0