Соңғы жаңалықтар

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жәрмеңкенің тартуы мол

Жәрмеңкенің тартуы мол


Күні бұрын Аманкелді көшесінің бойына жүк көліктері қаз-қатар тізіліп, ертеңгі жәрмеңкеге дайындықты бастап кетті. Молшылық базарының берекелі болуына әркім-ақ тілектес, тиісті азаматтарды осы маңнан кезіктірдік.
30 қазан. Сағат таңғы сегіз. Аманкелді көшесінде адам қарасы қалыңдай бастады. Бәрі қысқа қажетті ауылшаруашылық өнімдерін алуға асық. Біз базар бағамын байқап, сауданың сәтіне көз салып, сатушылар мен сатып алушылардың көңіл-күйін білдік.


Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі­нің мәліметінше, жылдың алғашқы жәр­меңкесіне барлық ауылдық округ пен кенттен 118 тонна өнім жеткізілді. Оның ішінде 30 тонна картоп, 50 тонна пияз, 15 тонна күріш, 2 тонна сәбіз, 10 тонна асқабақ, 2 тонна қауын, 1 тонна қарбыз, 1 тонна болгар бұрышы, 1 тонна алма, 1 тонна қызылша нарықтан сәл арзан бағада пұлданды. Байыптап қарасақ, 40-тан аса көлік қамтылыпты. Қарапайым халық базар бағасынан сәл арзандығының өзіне шүкіршілік етіп, бұйырғанын алып жатты. Сөйтіп аудан тұрғындары қысқы азық-түлігін қамдады. Сунақата ауылынан келген Ермек Жанғабаетың асқабағы айналдырған екі-үш сағатта өтіп кеткенін көрдік.

– Келісін 80 теңгеден сатудамыз, үш түрінен әкелдік, шыны керек, аздау әкеліп қойған екенбіз. Әсіресе, ел арасында «банан асқабақ» деп атап кеткен сортын алушылар өте көп. Халық бұл асқабақтың пайдалы екенін түсінді. Одан басқа да асқабақ түрлеріне сұраныс жақсы, бағасы да қолжетімді. Міне, көріп тұрғандарыңыздай 1 сағат өте қойған жоқ, көлігіміз орталап қалды, – деді.

Жұрттың назары картоп, пияз бен асқабаққа ауды, өнімді қап-қаптап алған­дар аз болмады. Олардың қатарында өзім де бармын. Жәрмеңкеде бақша дақылдары мен диірменнен шыққан биылғы күріштер басым болды. Қаз-қатар тізілген сауда қатарында қарбыз, қауынның келісі 100 теңге, пияз 60, картоп 180, сәбіз 180, күріштің «Элита» сорты 200, алма 250-260 теңгеден сатылды.
Осындай абыр-сабыр, қызу сауда үстінде аудан әкімі Руслан Рүстемов келіп, сатушылармен тілдесіп, диқан қауымы мен тұрғындардың тілегін тыңдады.
– Еңбектеріңіз жана берсін, сауда сәтті болсын, картоптың келісі қаншадан? – деді аудан басшысы.
– Келісі 180 теңгеден, бір қабы 7000 мыңнан жоғары саудалануда. Қазіргі сұраныс картоп және асқабақта, сондықтан көбірек әкелуге тырыстық, – деді шаруалар. Бұдан да арзан етіп сатуға болар еді. Бірақ, біздің де еңбегіміз аз емес қой. Бала-шағамыздың ризық-несібесіне ала жаздай еңбек еттік деді.
– Бәрекелді, биылғы өнім ойдағыдай шықты ма?
– Бұйырғаны, біз көбіне мал азығы мен күріш дақылын егуге бейім екенбіз, енді бақшаға да көңіл бөлуге тырысып жатырмыз. Әр саланың да бейнеті мен зейнетін көру керек қой, – деді диқандар.
М.Нәлібаев, Қыркеңсе мен Қожакент­тен келген «Маржан» күрішін алушылар да көбейді. 25 келілік қабы 4000 теңгеден, басқасына қарағанда «реңді» деген тұрғындар екі-үш қаптан алуға асықты.
Осылай аралап шыққан аудан әкімі Руслан Рүстемов шаруалар еңбегіне жеміс тіледі.
Тұрғындар арасында көңілі толма­ған­дары да кездесті. Қайткенмен, диқан­дардың алажаздайғы еңбегін ескерген жөн. Оның үстіне, биылғы су тапшылығы мен қымбатшылық шаруаларға оңай тимеді.
Қазір базарға қарағанда жәрмеңкенің нарқы арзан. Ертең бұдан да қымбаттауы әбден мүмкін. Сондықтан тұрғындар картоп пен пиязды қап-қаптап алуға асықты.
– Пияздың қабын 1900 теңгеден саудалауда, келіге шаққанда 55-60 теңгеден айналады. Картоп 180 теңге, бірақ өнім жақсы өтуде. Келер жылы да бақша дақылда-рына басымдық беруге тырысамыз. Аудан төріндегі алғашқы жәрмеңкеге барлық округтен өнім әкелуге тырыстық, – деді ауылшаруашылығы бөлі­мінің басшысы Талғат Зейдалиев.
Иә, күз – молшылықтың, байлықтың берекенің кезі. Диқанның еңбегінің жемісі жәрмеңкеде көрінетіні белгілі.Сондықтан аудан халқы жәрмеңкені асыға күтеді.
– Отбасымызбен асқабақты жақсы көреміз, сондықтан осы дақылды көбірек алуға тырыстық. Баға қанағаттанарлық. Әрине барлық өнім бірдей емес. Ең бастысы, күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жәрмеңке өткізіліп тұрғаны жақсы. Бүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, – деді Әлия Есіпкепова.
– Қазір карантин уақытында жұмыссыз жүрген азаматтар аз емес. Алдымыз қыс, сондықтан осындай арзан, әрі сапалы өнімдер жәрмеңкесін жиі ұйымдастырып тұрса деген тілек бар бізде. Өзім картоп пен қауын алуға келген едім, – деді кент тұрғыны Аманкүл апа.
«Мал семіз болса, төл егіз, жер семіз болса, дән егіз» демекші, биыл жері шұрайлы Жаңақорғанда егіннен мол өнім жиналып, төрт түліктің де басы едәуір артты. Оны қамбаға түскен дәннен, қора толы мал төлінен көруге болады
Міне, баста қойылған сұрақтың жауабы да белгілі болғандай. Жәмеңке жұртқа аз да болса жәрдем бергенін аңғаруға болады. Таң атқаннан түс ауғанша жалғасқан жәрмеңке тұрғындардың қысқы азықтан қысылмай шығуына мүмкіндік жасады. Ең бастысы – қарапайым халық та, өнімі өткен диқан да дән риза. Бұл да болса, күз маусымының қашанда береке мен молшылық айының мезіретін айғақтайды.

Әсел РЗАЕВА
02 қараша 2021 ж. 311 1

Carin от 23 мамыр 2025 05:24
Hi it's me, I am also visiting this website on a regular basis, this web page is genuinely nice and the people are genuinely sharing pleasant thoughts. casino en ligne I do not even know the way I ended up right here, however I thought this post was once great. I don't recognize who you might be but definitely you're going to a famous blogger for those who aren't already. Cheers! meilleur casino en ligne You could certainly see your expertise within the work you write. The arena hopes for more passionate writers such as you who are not afraid to say how they believe. Always follow your heart. casino en ligne fiable Thanks for sharing such a nice thought, piece of writing is pleasant, thats why i have read it entirely casino en ligne fiable If you wish for to grow your experience just keep visiting this web page and be updated with the newest information posted here. casino en ligne francais Your style is really unique compared to other folks I have read stuff from. Many thanks for posting when you have the opportunity, Guess I will just bookmark this web site. casino en ligne My family always say that I am killing my time here at net, except I know I am getting familiarity every day by reading thes nice content. casino en ligne At this time it looks like BlogEngine is the top blogging platform out there right now. (from what I've read) Is that what you are using on your blog? casino en ligne fiable Hey would you mind letting me know which webhost you're utilizing? I've loaded your blog in 3 different internet browsers and I must say this blog loads a lot faster then most. Can you recommend a good web hosting provider at a fair price? Thanks a lot, I appreciate it! meilleur casino en ligne This design is incredible! You obviously know how to keep a reader entertained. Between your wit and your videos, I was almost moved to start my own blog (well, almost...HaHa!) Fantastic job. I really loved what you had to say, and more than that, how you presented it. Too cool! casino en ligne