Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Депутаттар каникулға кетті

Депутаттар каникулға кетті

Бүгін сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің үшінші сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша сессия кезінде қос палатада 158 заң жобасы қаралды. Соның ішінде 89 заң қабылданды.
"Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы заңнамалық бастамалардың бәрін дерлік депутаттық корпус осы сессияда іске асырды. Сессия кезінде біз әлеуметтік саясат пен азаматтарымыздың мүддесі мызғымас басымдық екенін айқын көрсеттік. Ол ең алдымен еліміздің негізгі қаржы құжатында - үшжылдық бюджетте көрініс тапты. Атап айтқанда, шығыс бөлігінің шамамен 40 пайызы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған", - деді Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Биыл базалық зейнетақы 6,5 процентке, ал сабақтас зейнетақы 8,5 процентке өсті. Әлеуметтік көмек алатындардың саны артты.
"Қыркүйек айынан бастап стипендия мөлшерін тағы көтеру жоспарлануда. Кейінгі бес жылда стипендия екі есе дерлік өскенін атап өткен жөн. Оған қоса, ғылыми атақ үшін де үстемеақы қарастырылды", - деп атап көрсетті спикер.
30 маусым 2025 ж. 230 0