№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде көкөніс бір жылда 30%-ға қымбаттаған

Елімізде көкөніс бір жылда 30%-ға қымбаттаған


Биылғы қаңтар мен шілде аралығында Қазақстан 1,8 мың тонна сәбіз экспорттаған, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 3 есе көп. Сондай-ақ сарымсақ экспорты 60,5%-ға, бау-бақша дақылы экспорты 42,3%-ға, қырыққабат экспорты 31,3%-ға, пияз экспорты 26,2%-ға өсті.

Ал кейбір көкөніс түрлерінің экспорты, керісінше, қысқарған. Мәселен, бұрыш экспорты 78,4%-ға (177,3 мың тонна), қияр экспорты 59,4%-ға (2,4 мың тонна), картоп экспорты 53,3%-ға (71,6 мың тонна), баялды экспорты 39,7%-ға (104,9 тонна), қызанақ экспорты 36,8%-ға (13,1 мың тонна), қызылша экспорты 17,4%-ға (260,8 тонна) азайды. Көкөніс импортына келсек, жыл басынан бері елімізге 27 мың тонна бау-бақша өнімі әкелінді, бұл былтырғы қаңтар мен шілде аралығындағы көлемнен 12,8 есе көп. Картоп импорты 2,5 есе (53,6 мың тонна), сәбіз импорты 83,3%-ға (34,4 мың тонна), қырықабат импорты 41,6%-ға (63,8 мың тонна), пияз импорты 34,4%-ға (212,2 мың тонна), баялды импорты 25,9%-ға (2,2 мың тонна) көбейді. Ал бұрыш импорты 25,2%-ға (9,1 мың тонна), сарымсақ импорты 24,7%-ға (2,1 мың тонна), қызанақ импорты 20,3%-ға (36,2 мың тонна), қызылша импорты 19,5%-,а (8,6 мың тонна), қияр импорты 13,8%-ға (4,5 мың тонна) төмендеді. Биылғы тамыз қорытындысы бойынша, елімізде көкөніс бағасы 9,7%-ға төмендеді. Ал былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,2%-ға артқан. Мысалы, бір жыл ішінде қызылша 2,2 есе (295 теңгеге дейін), сәбіз 68,2%-ға (205 теңгеге дейін), картоп 29,7%-ға (152 теңгеге дейін), қырыққабат 27,1%-ға (111 теңгеге дейін), пияз 23,9%-ға (113 теңгеге дейін), қызанақ 4,1%-ға (378 теңгеге дейін), қияр 0,9%-ға (311 теңгеге дейін) қымбаттаған.
06 қазан 2021 ж. 436 0