№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ковидтен сақтан!

Ковидтен сақтан!


Коронавирус толық құрықталған жоқ. Әлі де ауруханада бір жұтым ауаға зар болып, ем қабылдап жатқандар бар. 
Біз сол жөнінде мамандардан сұрап білдік.
Аралда тұратын құрбыма телефон соқтым. Ол басынан өткен ауыр жағдайды баяндап, сақтық шарасына мән беруді ұқтырды. Індет оны да айналып өтпепті. Түтікпен дем алып, бір ауа жұтымға зар болыпты.
– Қайдан, қалай жұққанын білмеймін. Тіс жұлдыруға барып, кезек күтіп тұрдым. Бір уақытта есімнен танып, құладым. Ауа жетіспей, жаным алқымыма тығылды. Тез арада аурухананың жұқпалы бөлімшесіне жеткізді. Дәрігерлер шұғыл іске кірісті. Жасанды ауа беретін аппаратқа жатқызып, ем-домды бастап кетті. Үш күннен кейін есімді жиып, алды-артымды таныдым. Біттім, тыңдым, кеттім деп ойлаған едім. Дәрігерлерге мың алғыс! – деп мән-жайды түсіндірді ол.
Біз басқа түспесе ауыртпалықты түсіне бермейміз ғой. Деннің саулығын барында түсінген жақсы ғой! Ұзақ ойландым. Ойыма әр нәрсе келуде. Вакциналау жөнінде түрлі болжамын айтып, жұртқа теріс пікір тудырып жүрген адамдардың өздері ауырса, қалай болады? Олардың да пайымы өзгерер ме еді? Өйткені ғалымдар мен дәрігерлер коронавирустан құтылудың жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін айтып, дабыл қағуда. Біз әлі мән бермей келеміз...
Көп сауалдарға жауап табу үшін аудандық жұқпалы аурулар бөлімне хабарласып, ондағы жағдайды білдік
– 1 сәуірден бастап осы уақыт аралығында 592 науқас емделіп шықты. Олар ковид және пневмониямен түсті. Оның ішінде, жүкті әйелдер саны – 48, оның жетеуінің жағдайы ауыр. 19 бала емделді. Ауруханаға түскендердің 40 пайызы өте ауыр жағдайда келді. Қазір біздің бөлімшеде 19 науқас ем алуда. Олардың үшеуі жан сақтау бөлімінде, 2 науқас аппаратпен дем алуда, 4 жүкті әйел емделуде. Олардың жалпы жағдайы бірқалыпты, – деді жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Әсел Сейілова
Мамандардың сөзінше, коронавируспен ауруханаға түскендердің 80 пайызы вакцина алмапты. Жыл басынан бері қайтыс болған 30 науқастың бәрі екпе алмаған екен.
Вакцина салдырғандардың ішінде де вирусты жұқтырғандар бар. Бірақ олар жеңіл еңсереді. Ең ұзақ ем қабылдаған жағдайы ауыр науқас 56 күн аурухана төсегінде жатты. Өзге ем алушылар 30-35 күнде емделіп шығып отыр.
Емделіп шыққандар реабилитация алынады. Яғни, ауруханадан шыққаннан кейін де 15 күн бақылауда болады. Ал, жеңіл, орташа дәрежеде болса, оларға үй жағдайында күтінуге мүмкіндік бар. Әр емделіп шыққан адамға аурухана қызметкерлері бұл еммен ғана шектеліп қалмау керектігін ескертіп отырады. Яғни әр адам өзі үшін күтініп, сақтық шараларын ұстанып жүруге тиіс. 
Еліміздеөткен тәулікте 1958 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Оның ішінде Қызылорда облысында – 45 адамды құрады. Мұның бәрі сақтық шараларына мән беру маңызды екенін көрсетеді.
Рауза ӘЗІЛХАН
16 қазан 2021 ж. 250 0