№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» COVID-19: 174 адамға індет жұқты

COVID-19: 174 адамға індет жұқты

Халықтың сақтық шараларын ұстанбауы – қауіпті індеттің тез таралуына себеп болуда. Соңғы он күнде сағат сайын науқастар саны артуда. Коронавирустың қарқынын қалай бәсеңдете аламыз? Науқастардың жағдайы қалай? Мұны арнайы мамандардан сұрадық.

Елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түскенін барлық өңір «қызыл» аймақта тұрғанынан білуге болады. Қызылорда облысында 220 науқас ем алып жатса, оның 174-і жаңақорғандық. Аудандық ауруханаға 2 тамыздағы мәлімет бойынша, «COVID-19» инфекциясымен 692 науқас тіркеліп, оның 508-і жазылып шықса, 174-і ем алуда. Үй жағдайында бақылауда жатқаны – 84. Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде – 48, КВИ 2 стационарда – 40, облыстық медициналық орталықта – 1, облыстық психдиспансерде – 1 науқас ем алып жатыр. Өкінішке қарай 10 науқас қайтыс болды.
Қазір Сыр өңіріндегі аудандар арасында көш бастап, күніне 7-10 науқас тіркелуде. Алаңдатарлығы, науқастар жұмысқа қажетті ПЦР тест тапсыру барысында анықталуда. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Яхия Кәдірбекұлы айтты.
– Ем алушылар арасында түрлі штамм анықталуда. Әсіресе, жүкті әйелдер арасында пневмония мен қауіпті вирустың таралуы жоғары. Олардың қауіпті індетпен күресуге иммундық жүйесі әлсіз келетіндіктен 4-10 күн арасында асқынулар пайда болып, жасанды дем алуға қосылуда. Өзге пациенттерге қарағанда жүкті әйелдер ауруға тез шалдығады. Сондықтан жүкті әйелдердің көпшілік ортада алшақ болғаны маңызды, – деді бас дәрігер.
Қауіпті індет вакцина алмаған адамдар арасында өршіп тұр. Вакцина қабылдауға тиісті экономикалық тұрғыдан белсенді 34251 жаңақорғандықтың 49 пайызы ғана вакцинацияның бірінші компонентін, 35 пайызы екінші компонентін алды.
Вакцина салдырмаған адамдар короновирустың мутацияланған түріне шалдығып, айналасындағы 5-6 адамға жедел жұқтыруда. Бұл – қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінбеудің салдарынан орын алуда.
Ғалымдар коронавирустың алғашқы толқынындағы штамм мен қазіргі жаңа штамның айтарлықтай айырмашылығы барын айтуда. Бұрын халық 1-2 ай аурумен күресе алса, жаңа штамм бірнеше күнде жер жастандырады. Жұқпалы аурулар бөліміндегі дәрігерлердің сөзінше, жақсы жағдайда отырған науқас 2 сағаттың арасында
көз жұмады екен.
Қазір үйлену және сүндет тойдың қызып тұрған шағы. Мейрамханаларда жасырын той өтіп жатқанын халық жақсы біледі. «Табыстан қағылмайық» деп қаражаттың соңына түскен кәсіпкерлер халықтың
денсаулығын не қылсың?!
Мониторинг топ бір мейрамханадағы тойды екі күн қатарынан тоқтатып, айыппұл салды. Үшінші күні әлгі мейрамхана қайта тойға дастархан жайды. Сонда әлгі мейрамхананың иелеріне елдің амандығына қарағанда қаржы қастерлілеу болып тұр ғой! Сонда халықтың саулығы атқарушы билік пен дәрігерге ғана керек пе?
Ел арасында «Індетті қолдан жасауда», «Вакцина салған жерге магнит жабысады», «Вакцина алғандар бір жылдан соң өледі», «Ішінде чип бар», «Ауаға вирус шашуда» деген қисынсыз ақпараттар әлі де желдей есіп жүр. Бұған қалай тоқтам салар екенбіз?
Тұмау, дене қызуы, тамақ қышуы байқалса жергілікті дәрігерлерге хабар беріп, тексерілу қажет. Құрғақ жөтел – қауіпті індеттің барын меңзейді. Жасөспірімдердің ойын алаңқайында маска тағуын да қадағалаған жөн.
Қысқасы, коронавирус күш алып келеді. Сақтанайық!

Мақпал МАРҚАБАЙ
---
03 тамыз 2021 ж. 299 0