Автокөлік айнасын сырып кеткен қазақстандықтың әрекеті жұртты сүйсіндірді
Инстаграм парақшасында тарап кеткен фотосуретте белгісіз қазақстандықтың біреудің көлігінің айнасын байқаусызда сырып кетіп, ол әрекеті үшін көлік иесі үшін кешірім сұрап, көліктің бетіне өз телефон нөмерін қалдырып кеткен.Фотосуретте көрсетілген жазбада «Ассаумағалейкум, бүгін 08:55-те мен байқаусызда сіздің көлігіңіздің айнасын сырып кеттім. Көп көлік кептелісі болды. Шын жүректен кешірім сұраймын» деп соңында телефон нөмері көрсетілген. Қазақстандықтың бұл әрекетін желі қолданушылары жақсы қабылдап, кезекті жасалған қайырымды істерімен жарыса бөлісуде. Мысалы, «менің де бір танысым осылай біреудің көлігін сырып кетіп, иесін таппаған соң өз телефон нөмерін қалдырған еді, алайда көлік иесі келесі күні хабарласып, зақым құнын отыз мың теңгеге бағалады» сынды пікір қалдырушылар саны көп. Сонымен қатар, мұндай азаматтың барына таң қалғандарын жасырмай жатқандар да болды.