№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғашқы күні қорқыныш болды

Алғашқы күні қорқыныш болды

   Сындарлы сәтте ауыр жүк медицина қызметкерлерінің мойнына артылды. Мұны басшы да, қосшы да мойындап, ақ халатты абзал жандардың тілеуін тілеп отыр. Жаңақорғандық дәрігерлер де жауапкершілікті терең түсініп, ауруханада қонып жұмыс жасауда. Олардың үйіне барып, отбасының ортасында болмағанына да айдан асты. Солардың арасында біздің кейіпкеріміз Нұрдос Табынбай да бар.
  Жаңақорғанда жұқпалы індет жұқ­тырған адамдар аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқы­зылады. Бұған ондағы медицина қызмет­керлері кәсіби һәм рухани тұрғыда дайын болып шықты. Олар қауіпті аурумен күресуге белсенді кірісіп, емдік шараларын бастап кетеді.
Бөлімшенің меңгерушісі Әсел Сейіло­ва: «Біздегі медицина қызметкерлері өз ісіне адал жандар. Оның ішінде, Нұрдос Табынбайды ерекше айтуға болады. Ол арамыздағы ең жасы. Дегенмен іске жауапкершілікпен қарап, өз міндетін қалтқысыз атқаруда» деп жас маманды таныстырды.
Жұқпалы аурулар бөлімшесінде 4 науқас бар. Олардың жағдайы жақсы екен. Онда өкпені жасанды тыныс алдыру (ӨЖТ) аппаратын іске қосуға дайын тұр. Емдеу жолы республика бойынша бекітілген әдістер бойынша жүргізілуде. Науқасты емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмектер жеткілікті. Науқасты белгілі уақыт ішінде анализін алады. Егер инфекцияның жоқ екені анықталса, үсті-басы дезинфекцияланып, үйіне арнайы көлікпен жеткізеді.
Мұндағы дәрігерлер, медбикелер және тазалықшы, ас тарататын мамандар үйіне қайтпай жұмыс жасауда. Бір күндік ауысымнан кейін мамандардың үсті-басы дезинфекцияланып, арнайы дайындалған жатын бөлмеге жіберіледі. Сондықтан олар тек телефон арқылы жақындарымен сөйлесе алады.
Нұрдос Табынбай коронавируспен ауырған адамдарды емдеуге қатысып, індетті жеңуге үлес қосып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.
– Алғашқы күні қорқыныш болды. Тәжірибелі әріптестерім үрейді жеңуде ақыл-кеңестерін берді. Солардың рухани демеуімен іске белсенді кірістім. Жасыратыны жоқ, алғашқы бір апта ауыр тиді. Бірақ кәсіби мамандардың нақты іс-әрекеті, ықылас-ниеті ауруларды емдеуге жұмсауда. Содан болар коронавирустан айыққандар шығып, бізді қуантты, – дейді жас маман.
Нұрдос Табынбай 1997 жылы Жаңарық ауылында туған. Мектепте үздік оқушы болса, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде белсенді жастың бірі болды. Болашағын денсаулық саласымен байланыстырған жас маман аудандық ауруханада еңбек жолын бастады.
Бірнеше жылда өзінің еңбек­сүй­гіштігін байқатқан маманға әріптес­тері де жақсы баға беріп отыр. Қашия Абсаттарова: «Нұрдос өте ыждағатты маман. Науқастармен қарым-қатынасы өте сыпайы», – дейді.
Қиын сәтте бірге жүрген әріптесі Қаракөз Ашим жас маманның жасымай, әлемді дүрліктірген дертпен күресуде белсенділік танытып жатқанын атап айтты.
Дәрігерлер науқастың диагнозын анықтап, ем-дом қояды. Сосын мед­бикелер емдік процедураны жүр­гізеді. Мейіраға Нұрдос Табынбай да науқастарды емдеуде ептілігін танытып жүрген маманның бірі. Ол екпе егеді. Қан қысымын өлшейді. Жедел респераторлық құрылғыларды іске қосып, пациент жазылғанша жағдайын жасайды.
Оның өз үйін көрмегелі қашан. 30 наурыздан бері ауруханада қызу қызметте жүр.
– Ұлымның медицина саласын таң­дап, осы жолда табанды еңбек етіп жатқанын мақтан етемін. Әрине ана көңілі елеңдейтіні жасырын емес. Науқастарды емдеуге үлес қосып, үйге аман-есен оралуын Алладан тілеп отырмын, – дейді шипақолдың анасы Раушан Сәрсенова.
Әкесі Көпжасар Ромашев ұлының ауыртпалықты көтеріп, елге адал қызмет ететініне сенетінін жеткізді.

Мақпал ПАТЕНОВА



21 сәуір 2020 ж. 1 054 0