Ауылға бардық, мәселе мәнісін, жұмыстың бағдарын білдік
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері бірлесіп, елді мекендерді аралап, ауыз суды сервистік желіге қосу, орташа жөнделетін көше жолдарының сапасын көру, аяқ су жеткізу және т.б жұмыстарды бағамдады.
Бұлжолыпартияныңаудандықфилиалытөрағасыныңбіріншіорынбасары, аудандықмәслихатдепутатыМәжитБалқожаев, партиялықбақылаукомиссиясыныңмүшесіАлшынбайТұртанов, мәслихатдепутаттарыБақытжанТөлегенов, БаянбекХалжановТөменарықауылдықокругінбағытқаалды.
Төменарық елді мекенінен қоғамдастық төрағасы Темірбек Құтжанов пен ауыл ақсақалы Өмірәлі Шәдімханов қосылып, Сунақата каналының Сырдария өзенінен басын алатын жеріне тоқтады.
– Шыны керек, Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің қолдауымен Төменарық ауылында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тәуелсіздік алғалы көшелерді асфальттау кенжелеп қалғаны еді. Осы жұмыс қарқын алды. Қазір үй-үйге су жеткізілуде. Көгілдір отын келетінін естіп, қуанып жүрміз. Бірақ ең үлкен мәселе – аяқ су болып тұр. Су тіршіліктің негізі. Төменарық судың сағасында тұр. Бірақ суға жарымай-ақ қойды. Қазір ағаштардың діңгегі суға мұқтаж. Оны жапырағынан анық аңғаруға болады. Көктем, жаз айларында ағаштың жапырағы жап-жасыл болуы тиіс қой! Біздің ағаштар сарғыш тартып тұрады, – деп демін ішіне тартты гидротехник маман Темірбек Құтжанов.
Бұл ойды құптай кеткен Өмірәлі Шәдімханұлы:
– Аудандағы ең үлкен ауылдың бірі – Төменарық. Қазір тұрғындардың әлеуметтік әлеутін көтеруде аяқ су маңызды рөл атқарады. Ең болмаса үйіргелік жерге азын-аулақ қызанақ, қиярын егіп алса жақсы ғой. Осы мәселені ұзақ жылдан бері көтеріп келеміз. Мынау Сунақата каналынан 8-9 шақырым жоғарыдан «Балапан» төбенің тұсынан каналдың сағасын алып, оны Қандырал каналына қосса деген ұсынысымыз бар, – деп ойын жеткізді.
«Казсушар» РМК Қызылорда филиалы Жаңақорған аудандық өндірістік учаскесіндегі мамандары осы бағытта өлшеу, есептеу жұмысын жүргізді. Мамандар бұл бағытта «толық су шығады» деген қорытынды берген жоқ.
– Менің инженер-гидротехник ретіндегі еңбек өтілім 42 жылды құрайды. Судың деңгейі мен ағыны жөнінде бір адамдай білемін. Сунақата каналы Төменарық ауылынан 8 шақырым жоғары жерден басын алады. Осы канал су Шиелі ауданындағы елді мекен шаруалары күрішін суарып отыр. Оған Екпінді, Сунақата, Қожамберді ауылдық округінің егіндігін қосыңыз. Қазір Төменарықтың белгілі бөлігіне де су шығады. Енді Сунақата каналынан тағы да 8-9 шақырым жоғары жерден каналдың басын алып, Қандыарал каналына қосып жіберсек, Төменарықтың үстіне су шықпай ма? Тіпті Сүттіқұдыққа да су шығуы ықтимал. Неге осыны қолдап, жүзеге асырмасқа? – деді су саласының ардагер маманы.
Топты бастап барған Мәжит Балқожаев пен Қазақстанның құрметті құрылысшысы Алшынбай Тұртанов ғарыш түсірілімдер арқылы өлшейтін мекемеге өлшету керек. Егер сол мекеме су шығатынын растаса, онда жобалық-сметалық құжаттын дайындауға жұмыс істеуге болатынын айтты.
Екінші мәселе – Төменарық ауылдық округінде суды үй-үйге жеткізетін сервистік желі жүргізілуде және 8 көше асфальттанады. Осы жұмыстың сапасы мен ауқымын бақылады.
– Құрылыс маманы ретінде бірқатар кемшілікті көріп тұрмын. Біріншіден, су құбырының тереңдігі (траншей) талапқа сай деп айта алмаймын. Стандарт бойынша 1,66 метр. Траншейдің астыңғы, ортаңғы, үстіңгі ені болады. Мәселен, астыңғысы – 60 сантиметр, үстіңгісі – 120 сантиметрді құрайды. Бұл талаптар да сақталмай тұр. Естеріңізде болсын, құбырдың астына құм төселу керек. Сосын құбыр жүрген жердің топырағы биіктеу болады. Өйткені топырақ отырады. Ең бастысы, темір-бетон сақина (кольцо) жердің бетінен 10 сантиметр жоғары болады. Ал, көп жерде кольцо 10-20 сантиметр төмен орналасқан. Ертең оған су толады. Сосын не болады?
Енді жолды орташа жөндеу үшін қиыршық тас төсеп, тегістеу жұмысын жүргізіпті. Жақсы! Бірақ мұның өзі стандартқа сай емес. Біріншіден, құм араласқан қиыршық тас төселуі тиіс. Ал, мынау қиыршық тастың құрамында топырағы көп. Екіншіден, қиыршық тастың диаметрі 3 сантиметрден аспауы тиіс. Үшіншіден, көшенің ортасы дөнес болып, су ағып кететуі тиіс. Қиыршық тас төселгеннен кейін сумен отырғысып, кемі 8 тонналық катокпен тегістеледі. Мұндай талаптың орындалып тұрғанын көріп тұрған жоқпыз. Бұл жөнінде тиісті басшыларға акт жасаймын, – деді Алшынбай Тұртанов ағамыз.
Арнайы барған комиссия мүшелері сын-ескертпе жасап, жұмысты сапалы атқару маңызды екенін ескертті.
Шынында, Төменарық ауылдық округіне «Ауыл – ел бесігі» аясында инвестиция тартылып, ауқымды жұмыс атқарылмақ. Бұл жобалар сапалы атқарылуы тиіс.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ