Партиялық бақылау комиссиясы назарында "Жиделі су қоймасы".
Бүгін "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық Партиялық бақылау комиссиясы мен "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов Жайылма ауылдық округіне қарасты "Жиделі су қоймасына" жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Жылдар бойы шешемін таппаған мәселе "Nur Otan" партиясының араласуымен қолға алынды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Жаңақорған ауданына жұмыс сапарында ауыл халқы көмек сұраған болатын. Осыдан соң республикалық бюджеттен 450 млн. теңге бөлініп, ауқымды жұмыстар басталған. Ұзындығы 830 метрге жететін стратегиялық нысанда қазір жұмыс жүргізілуде.
Бөлінген қомақты қаржының мақсатты жұмсалуы мен жұмыстың сапасын партия жергілікті филиалы өз бақылауына алуда.
Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Жиделі су қоймасындағы» жұмыстар бір ай көлемінде басталды. Бүгінгі күні енді облыстық партия филиалы жанындағы бақылау комиссиясы мүшелерімен келіп арнайы біз жұмыстың барысымен танысып жатырмыз. Жұмыстың жүргізіліп жатқаны көрініп тұр. Техникалар тартылған.